Фракция мүшесі әлеуметтік жағынан аз қамтылған 2 бірдей отбасына қаржылай қолдау көрсетті
Атап өту керек, партия филиалдарының қабылдау бөлмелерінде арнайы бекітілген кестеге сәйкес фракция мүшелері тұрғындарды қабылдап, көтерілген мәселелердің оң шешілуіне ықпал етуде. Мәселен, бүгін партия ғимаратында қабылдау өткізген облыстық мәслихат депутаты Мағжан Ералиев екі бірдей әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға қаржылай қолдау көрсетті.Халық қалаулысының қабылдауына алғаш келген қала тұрғыны Жансая Жақсылықова асыраушысынан айрылып, жалғыз өзі үш бала тәрбелеп отыр. Өзі жұмыссыз, әрі жалдамалы пәтерде балаларының жәрдем ақысына күн көріп отырған ол азық – түліктей қолдау көрсетуге көмек сұрады.Ал, көп балалы ана Жанар Ләпбаева қазіргі таңда жолдасының жұмысқа жарамсыз екенін алға тартып, жалдап тұрып жатқан пәтер ақысын өтеуге қаржылай қолдау болса дейді.Жалпы қабылдауға келушілерд…