Перейти к содержимому
kyzylorda.nurotan.kz

kyzylorda.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 23 маусымКазахстан, Кызылорда

Официальный филиал партии "Nur Otan" в городе Кызылорда

рейтинг

250

жазбалар

70

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

2

Жасотандықтар съезге қатысатын делегаттарды сайлады

Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова, «Nur Otan» партияішілік праймериз жеңімпаздары, «Jas Otan» Жастар қанаты аумақтық бөлімше жетекшілері, серіктестері және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.Конференцияның күн тәртібінде «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының атқарған жұмыстары бойынша есебі тындалып, «Jastar Otanga!» бағдарламасын талқыланды. Сонымен қатар конференция қатысушыларының дауыс беруі арқылы «Jas Otan» Жастар қанаты V сьезінің делегаттары сайланды.Жиында сөз алған «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова : «Жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуіне мемлекет…

0
0
114

Кәсіпкерлік – тұрақты қоғамның негізі

Бүгін "Nur Otan" облыстық филиалының мәжіліс залында онлайн режимде "кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша "Кәсіпкерлік – тұрақты қоғамның негізі" тақырыбында айқамқтық кеңестің отырысы өтті.Оған Кеңес мүшелері, партия филиалының қызметкерлері, облыстық кәсіпкерлік және туризм, облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының, "Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығының, "Қадам маркет" ЖШС өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.Кеңес мүшесі Ғани Қарғабай алғыс сөз сөйледі. Ол кәсіпкерлік саласы жұмыспен қамту және халықтың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет бүгінде кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасап отыр. Бірақ соған қарамастан, пандемияның салдары әлі де байқалады, бұл бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Әсіресе, экономиканың бө…

0
0
118

"Jastar-Otanga!" бағдарламасының берері мол

Өңіріміздің белсенді жастары облыстық “Nur Otan” партиясы төрағасының орынбасары Жарылқасынов Алтынбек Шәкімаұлымен кездесті.Кездесу аясында Алтынбек Шәкімаұлы «Jas Otan» Жастар қанатының облыстық 2025 жылға дейінгі «Jastar-Otanga!» бағдарламасының жобаларын талқылады.«Еліміздің әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған. Бүгінгі таңда Сыр жастары жастарға қатысты мәселерді ашық талқылап, шешу механизімдерін ұсынып келеді. «Жастар-Отанға!» – еліміздің жастарын қамтитын өте ауқымды жоба. Бұл бағдарлама жастар өмірінің барлық саласын қамтитын 5 бағыттан тұрады. Аталмыш бағыттар бойынша Қызылорда облысының жастарына қатысты мәселер ашық талқыланып, шешу механизімі ұсынылды." - деді А.Жарылқасынов.Сонымен қатар, облыстық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Ә.Қардашов «Nur Otan» партиясының «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ:…

Бәсекеге қабілеттілік индустриялық саясаттың басты бағыты

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері 2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының орындалу барысымен танысу мақсатында «АГМ табыс» кәсіпорынында болып еңбек ұжымымен кездесті.Кездесу барысында арнайы топ өкілдері жылжымалы құрам қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, вагонның жауапты бөліктерін жөндеуге бағытталған жұмыстарға көз жеткізді.Кәсіпорында жолаушылар вагондарын күрделі және деполық жөндеуден өткізу жұмыстары жасалады. Вагон құрастыру, дөңгелек-ролик, арба жөндеу, сырлау, жөндеу-жинақтау секілді 9 цех жұмыс жасайды.«Индустриялық-инновациалық саясатттың түпкілікті нәтижесі бәсекеге қабілетті болу. Теміржол көлігін жөндеу индустриясы қарқынды дамуды алған күрделі жүйе болғандықтан бұл саланың өн…

0
0
170

«Білімнің дамуы елдің дамуы» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы ғимаратында облыстық партия филиалы жанындағы «Білім» бағытындағы аймақтық комиссия жетекшісі Қылышбай Бисеновтің төрағалығымен «Білімнің дамуы елдің дамуы» тақырыбында білім саласы өкілдерінің кездесуі өтті. Онда Жоғары және Орта арнаулы оқу орындарындағы онлайн білім беру, ұстаздар біліктілігі секілді бірқатар мәселелері талқыланды. Қай заманда болмасын адамның ақыл-ойымен бірге алған ілім-білімі де жоғары бағаланған. Қазақ халқы «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп, білім алудың артықшылығын мақалға қосқан.Өйткені, білім мен ғылым дамыған сайын адамның ой-өрісі де өсіп, қоршаған ортаны тани түседі, дүниетанымы өзгереді. Бүгінде еңбек нарығында білімді азаматқа сұраныста арта түсті. Технология дамыған сайын қарапайым еңбек…

0
0
106

Қала тұрғындарының коммуналдық сауалдарына маман тарапынан жауап берілді

Тұрғындар тарапынан көтерілетін өзекті мәселелердің қатары коммуналдық салаға бағытталатыны жасырын емес. Әйткенмен, қаланың тыныс-тіршілігін қамтыған салаға қатысты жұмыстар жүйелі жүргізіліп, түрлі мәселелер күнделікті шешім табуда.Қызылорда қаласындағы коммуналдық салаға жауапты мамандардың жедел әрекетінің және түрлі бағыттағы кездесулердің сеп болуымен тұрғындар өздеріне тиесілі проблеманың шешім табуына мүмкіндік алуда. Мәселен, «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлім басшысының орынбасары Абзал Рысбекұлы мен қалалық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Алмас Мұсабек Ертайұлы қала тұрғындарымен онлайн бағытта байланысқа шықты.Т…

0
0
124

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар саны 24,6% төмендеген

ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған жиынға аумақтық партия филилдары жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңестердің төрағалары және кеңес мүшелері, облыстық партия филиалының жауапты қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Кеңес отырысының күн тәртібіне 2 мәселе ұсынылып қаралды. Бірінші мәселе «Облыс бойынша кәсіпкерлік және туризм саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы» Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердауси Қожабергенов есеп берді. Күн тәртібіндегі мәселені талқылау барысында Кеңес мүшесі, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ҚБ төрағасы Серік Теңізбаев мемлекеттік органдарда «Ашық Үкімет» қағидатының сақталмайтындығын тілге тиек етіп, басқарманың сай…

0
0
165

Студенттер күніне орай «Kino_time» кеші өтті.

Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де әсерлі естеліктерге арқау болатыны анық. Студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол – 17 қараша – халықаралық студенттер күні!Мереке қарсаңында облыстық «Jas Otan» Жастар қанаты қалалық «Qosyl» жастар ресурстық орталығында студенттерге арнап «Kino_time» кешін ұйымдастырды. Көрсетілімдегі «Стажер» фильмі бір күн бұрын әлеуметтік желі оқырмандарының ұсынысымен таңдалды.Фильм ең алдымен ұжымның көңіл-күйін жеткізуге, ынтымақтастық пен тәлімгерлікке бағытталған. Кейіпкерлер өз рөлдерінің арқасында оқиғаны өте жақсы баяндаған.«Өміріңнің соңына дейін саған қызмет ететін және сенен ешкім тартып ала а…

1
0
148

Қызылордада 602 көп балалы отбасына кәсіп ашуға қайтарымсыз грант берілген

Онда әйелдер арасындағы жұмыссыздық мәселелесі талқыланды.Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9% болса, оның ішінде әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 5,0% құрап отыр.Жиында комиссия төрағасы Райкүл Байназарова көп балалы аналардың кәсіппен шұғылдануы бағатында жасалып жатқан жұмыстар төңірегінде айтып өтті.«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көп балалы отбасыларға жұмыс істеуге барынша қолдаулар көрсетілуде. Яғни, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқулар ұйымдастырылып, үйден әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға яғни, тігін тігу, нан пісіру және т.б қызметтер үшін қайтарымсыз гранттар берілуде. Мәселен, бүгінгі күнге "Еңбек" бағдарламасына 17 155 әйел енгізілген (61,3%), оның 19%-ы көпбалалы отбасылардың үлесінде. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып қ…

1
0
251