Zoom платформасында жиналыс өтті.
Жиынға «Nur Otan» партиясының ТАФ қызметкерлері, Түпқараған ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы және белсенділер қатысты.Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің 2014 жылғы жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтып, оларды жұмысқа орналастыруға көмектесуге шақырған еді. "Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады" - деген болатын Н.Ә.Назарбаев.Одан бөлек, "Мемлекеттік көмек алушылардың барлығы үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделуге көмектесетін бағдарламаларға міндетті қатысу туралы ереже енгізу керек" - деді Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев…








