Филиал Манг. области
@mangystau.nurotan.kz
Официальный филиал партии "AMANAT" в Мангистауской области
рейтинг
250
жазбалар
747
пікірлер
0
тіркелуші
51
жазылымдар
7
рейтинг
250
жазбалар
747
пікірлер
0
тіркелуші
51
жазылымдар
7
Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігі 2 есеге артты
1023 жылыжай іске қосылды
417 мектеп салынды (75 көзделген болатын)
Ауыл шаруашылығы өнімнің экспорты 1,5 есе ұлғайды
Партиялық бақылау комиссиясы Ақтау қаласы, 34 шағын аудандағы тұрғын үйдің жылу жүйесін қарап шықты.
Аталған мәселе Whatsapp мессенджерінде тұрғындар тарапынан көтерілген. Осы орайда аталған мәселеге жауапты мекеме өкілдерімен бірге жылу жүйесінің талапқа сәйкестігі тексеріліп, жылу мәселесі өз шешімін табуда.
Партиялық бақылау комиссиясы электр жүйелері және жылыту жүйесінің жұмысымен танысты.
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы әлеуметтік желілердегі және WhatsApp мессенджерлерінде тұрғындар тарапынан қозғалып жатырған мәселелер бойынша Ақтау қаласындағы электр жүйелері және жылыту жүйесінің жұмысымен танысты. Жұмыс барысында аталған жүйелердің талапқа сәйкестігі қаралып, тексерілді. Тұрғындар тарапынан түскен арыз шағымға жүйелі түрде жауап беріп, тиісті мекемелердің оперативті жұмыс жасауын қамтамасыз етуді тапсырды.
Партиялық бақылау комиссиясы атқарылып жатырған жұмыстармен танысты.
Сонымен қатар тұрғындар тарапынан түскен арыз шағымдар және әлеуметтік желіде партия парақшасын белгілеп кеткен мәселелер бойынша қарап шықты. Шағын аудандардың ішін абаттандыру, автокөлік пен жаяу жүргіншілер жолдарын салу және спорт алаңдары мен балалардың ойнау алаңдарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Аталған жұмыстар 80-90%-ға аяқталды. Нысандарды аралау барысында бірнеше кемшіліктер анықталып, тиісті мекемелерге шұғыл түрде жөндеу бойынша тапсырма берілді.
Партиялық бақылау комиссиясының онлайн форматта отырысы өтті.
Аталған отырыста өңірдегі коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің жұмысы, осы бағытта тұрғындардан түскен шағымдардың орындалысы, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша атқарылып жатырған жұмыстар және тағы да басқа мәселелер қаралды.
"Құтты мекен" жобасы Форт-Шевченкода
«Құтты мекен» жобасының басты мақсаты жергілікті жерлерде инфрақұрлымды нығайту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, газ, су құбыры, электрмен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді және моноқалаларды дамыту жұмыстарын жалғастыру.
Осы бағытта "Nur Otan" партиясы Түпқараған аудандық филиалы жанынан құрылған бақылау тобымен бірге Форт-Шевченко қаласы, Баутино ауылы және Аташ ауылына барып мониторингтік топ тексеру жұмысын жүргізді. Тексеру барысында газ құбырларының жолдан қашық, тұрғындарға қолайлы салынғанына мән беріп, ескерту берілген Баутин ауылы, Сатимов көшесінің бұрылысындағы газ құбырының орналасуын қайта қарады.
Одан бөлек, Форт-Шевченко қаласында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған көп қабатты үйдің газ, су құбырларын тексерді.