Адамдардың әлемді тануы
«Зағиптар мен піл»«Таулардың арғы бетінде барша тұрғындары зағип үлкен қала болды. Бір күні әлдебір жат жұрттық патша өз әскерлерін қаладан қашық емес жазықтыққа лагерь ретінде орналастырды, оның әскерінде көптеген шайқастарда даңққа бөленген ірі әскери піл болды. Ол өзінің түрімен ғана жаулардың зәре-құтын қашыратын. Қала тұрғындарының бәрі: бұл не піл дегенді білуге шыдамсызданады. Және де көп кешікпей соқырлар қауымының бірнеше өкілдері бұл мәселені шешу үшін, патша лагеріне баруға асықты. Пілдің қандай болатындығы туралы титімдей түсінік иеленбеген олар пілді жан-жағынан сипалауға кірісті. Бұл кезде әрбірі оның бір бөлігін сипалау арқылы енді бұл мақұлық жөнінде барлығын білемін деп шешті.Зағиптар қайтып оралғанда, оларды тағатсыздана күткен қалалықтар тобыры қоршап алды. Терең түсіні…




Тірішілікте есірткіге тәуелділіктен басқа тәуелділіктер жеткілікті. Солардың бірі "Интернет-тәуелділік". Бұл кеселге шалдыққан адам өмірінің басты бөлігін Интернет әлемінде (виртуалды кеңістікте) өткізеді. Тәулік бойын ойын ойнап, мониторға тесілтендер жеткілікті. Бұл да дерт. Емделуге болады, бірақ дұрысы ауруға шалдықпаған. Оған қоса "гаджет-аддикция" (ауытқуы) да ұшырасады. Ол ұялы телефонды, компьютерді, автокөлікті және т.б. заттарды жиі ауыстыратындар. Өмірде қанша адам болса, соншалықты ерекшелік болады.
Өмірде табысқа жетелейтін сауалдар болады. Коучинг ілімінде мұны ұтымды қолданады. Олар мыналар: бір нәрсені, мақсатты алға қойғанда алдымен, өзіңізге бірінші: "Менің не істегім келеді?" деген сауал қою қажет. Одан соң: "Мұны қалай, қандай жолдармен жүзеге асырамын, амалы қандай?" деген сұрақ қойған жөн. Үшінші маңызды сұрақ: "Бұл маған, менің өзіме не үшін керек?". Төртіншісі: "Ойым, не қалауым жүзеге асқанда не болады?". Сонымен Сіздерге өмірде сәттілік тілеймін.