Сырым аудандық филиалы
@syrym.nurotan.kz
"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының Facebook, Instagram парақшасына тіркеле кетіңіз!!! https://www.facebook.com/amanatsyrym/ https://www.instagram.com/amanat_syrym/?hl=ru
рейтинг
250
жазбалар
459
пікірлер
0
тіркелуші
12
жазылымдар
12
рейтинг
250
жазбалар
459
пікірлер
0
тіркелуші
12
жазылымдар
12
БПҰ - ның есеп беру -сайлау жиналыстары
Бүгін, онлайн форматта "Жымпиты", "Жібек Жолы", "Қарасу", "Сырым өлкесі" бастауыш партия ұйымдарында есеп беру сайлау жиналысы өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бастауыш партия ұйымдарының 2019 - 2020 жылдары атқарған есептері тыңдалып, бюро мүшелері қайта сайланып, аудандық филиалдың конференциясына делегаттар сайланды.


БПҰ - ның есеп беру - сайлау жиналыстары
Бастауыш партия ұйымдарында есеп беру - сайлау жиналыстары
19 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының бекітілген кестесіне сай "Алғабас", "Бұлдырты" бастауыш партия ұйымдарында онлайн және офлайн форматта есеп беру-сайлау жиналыстары өтті.Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші, БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер. Екінші, төрағаны және төрағаның орынбасарын, қажет болған жағдайда – БПҰ Бюросын сайлау («Nur Otan» партиясы Жарғысының 8.6.3-тармағына сәйкес 50-ден астам партия мүшесі болған жағдайда). Үшінші, партияның Сырым аудандық филиалының XXX есеп беру - сайлау конференциясына делегаттарды сайлау.Күн тәртібіне сай 2019-2020 жылдарда атқарған есебтері тыңдалып, бастауыш партия ұйымдарына төрағалары мен бюро мүшелері мен аудандық филиалының конференциясына делегаттар…
8 Қоғамдық кеңестің төарағалары
#қабылдау2021
Бүгін филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат хатшысы, мәслихат депутаты Ш.Дүйсенғалиева азаматтарды қабылдады. Қабылдауда болған Қарағанды елді мекенінің тұрғыны Давлетова Балгинже тұрғын үй және зейнетақы мәселесімен жолықты. Тұрғын үй мәселесі шешілді. Зейнетақысын қайта есептеу үшін архивтен құжаттарын жинақтауға сенім хат арқылы әлеуметтік қызметкер тағайындалды. Қабылдаудан соң халыққа қызмет көрсету орталығына барып, аудандық архивтен құжаттарды қарауға өтініш берілді. Сонымен қатар, Өлеңті ауылының тұрғыны телефон арқылы хабарласып, Бердіғалиев көшесіндегі жатақхананың мәселесі жөнінде айтты.
Өлеңті ауылының тұрғындарын қабылдады.
Осыған дейін Өлеңті ауылының тұрғыны Асылбек Давлеев аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Ширмединұлына ауыл жастарына кәсіпкерлік бастамаларға қолдау, мемлекет бағдарламалар туралы кеңес беретін мамандармен жүздестіруді сұраған еді. Кеше аудандық мәслихат депутаты Б. Ширмединұлы Өлеңтіде округ әкімі, ауылшаруашылығы бөлімі, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік палатасы мамандарын қатыстырып, қоғамдық қабылдау өткізді.

#қабылдау2021
Бүгін аудандық мәслихат депутаты А.Балғалиев филиалды азаматтарды қабылдады. Қабылдауда болған көп балалы тұлға несие алып, мал шаруашылығымен айналысқысы келетіндігін жеткізді. Несиелік бағдарламалар жөнінде толық кеңес берілді. Талдау нәтижесінде азаматқа "АШҚҚҚ" АҚ-ның "Игілік" бағдарламасы бойынша несие алып, жұмыстану ұсынылды. Құжаттарын жинақтап, сүйемелдеу үшін " Атамекен" ҰКП Сырым аудандық филиалына жолданды.