Перейти к содержимому
syrym.nurotan.kz

Сырым аудандық филиалы

@syrym.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының Facebook, Instagram парақшасына тіркеле кетіңіз!!! https://www.facebook.com/amanatsyrym/ https://www.instagram.com/amanat_syrym/?hl=ru

рейтинг

250

жазбалар

459

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

12

ZOOM платформасындағы кездесу

Бүгін, онлайн - ZOOM платформасы арқылы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер А.Ойшыбаева және сенімді өкілі А.Мурадимова "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасын мәдени саласының қызметкерлерімен ауданның белсенді жастары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

0
0
108

Кездесу өтті

Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасын насихаттап, сонымен қатар аудандық деңгейде жасалған сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

"Nur Otan" - нақты істер партиясы!

"Nur Otan" - жарқын жетістіктер партиясы!

ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

0
0
119

ZOOM платформасындағы кездесу

Бүгін, онлайн - ZOOM платформасы арқылы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Н.Болат, Ж.Альпенова және А.Низғалиеваның сенімді өкілі Л.Тапаева "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасын әлеуметтік желісін пайдаланушылар (блогеры) және белсенді жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

0
0
120

Есіктен есікке

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Болат Нұртілеу Жеңісұлының сенімді өкілі ретінде "Есіктен есікке" акциясы аясында "Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында ауданымыздың тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстар мен тілектерін қабыл алып , алдағы 10-шы қаңтарында өтетін сайлауға қатысуға және "Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырдым.

0
0
132

Есіктен есікке

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Болат Нұртілеу Жеңісұлының сенімді өкілі ретінде "Есіктен есікке" акциясы аясында "Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында ауданымыздың тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстар мен тілектерін қабыл алып , алдағы 10-шы қаңтарында өтетін сайлауға қатысуға және "Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырдым.

0
0
115

Есіктен есікке

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Болат Нұртілеу Жеңісұлының сенімді өкілі ретінде "Есіктен есікке" акциясы аясында "Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында ауданымыздың тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстар мен тілектерін қабыл алып , алдағы 10-шы қаңтарында өтетін сайлауға қатысуға және "Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырдым.

0
0
111

Кездесу өтті

"Nur Otan" партиясының үгіт насихат жұмыстарын жалғастыру мақсатында Сырым аудандық штап мүшелері кандидаттыққа үміткер Даргужиев Талғат, Ойшыбаева Айнагүл және облыстық маслихатқа үміткер Нурмуханов Ғаниматтың сенім білдірген өкілі ардагер ұстаз Батыршин Ахмет аудандық колледждің ұжымымен кездесіп қайтты. Сайлаудағы өзгешеліктер мен бағдарламалардың орындалу барысын жіті түсіндіріп өтті. Колледждің басшысы Санат Дәленұлы келген қонақтарына өз алғысын білдіріп, ұжымының сайлауға бір кісідей қатысатынына сенім білдірді. Колледждегі педагогтардың қозғап жүрген жатақхана мәселесінің оң шешімін табуға сәтін салсын деп тілейміз.

Сенім білдірген өкілім Самат Убанов офлайн қабылдау өткізді

Арнайы өтініштерімен келген азаматтардың ішінде көп балалы аналар да болды.

Жолсариева Алтын зейнеткерлікке жақындап келе жатқан көп балалы ана. Жолдасы өмірден өтсе де, өмірдің қиындығын жеңе біліп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып жатқан жағдайы бар.

Көп балалы жас ана Кубиева Ажаргүл де қабылдауға келді. Балалары әлі мектеп жасында.

NurOtan партиясының бағдарламасын қолдайтынын және алдағы уақытта оң шешімін табатынына үлкен сенім білдіретіндіктерін айтып өтті.

Сонымен қатар ұсыныстарын да жасырмады:

- газға, электр энергиясына төлейтін төлемдердің бағасын жеңілдетсе;

- барлық аналарға да жәрдемақылар берілсе;

- Өңірлерде азық-түлік бағасы, жол ақысы қадағаланып отырса және негізсіз қымбаттауына жол бермеу;

0
0
109

Онлайн қабылдау өтті

Қабылдауда айтылған мәселелер мен ұсыныстарды былайша түйіндедім:

- Білім мекемелерін заманауи жаңа технологиялармен толық қамтамасыз ету;

- кейбір мектептердегі оқушыларды аудан орталықтарындағы шараларға жеткізу, яғни, көлік мәселесі;

- ауыл іргелеріндегі өзен , көлдің экологиялық жағдайы;

- мәдениет үйлері мен ауылдық амбулаториялық мекемелердің жағдайына көбірек көңіл бөлу т.б

Сонымен қатар, NurOtan партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып өттім. Жоғарыда көтерілген мәселелер басты партияның басты назарынан қалмайтынын айтып өттім.

0
0
112

Қабылдау өтті

Айтуынша, өзінің қалауымен информатика пәні мұғалімі мамандығын алып шыққан. Қазір Аралтөбе орта мектебіне орналасып қызмет етіп жатыр. Болашақта осы ұстаздық жолда еңбек етсем дейді. Сол себепті осы ауылда тұрақтап қалуды көздейді. Сонымен қатар , үкіметтік бағдарламамен баспана алғысы келеді. Бұл мәселе өзі секілді жас мамандарға да қатысты дейді. Осы мәселе бойынша партиямыздан қолдау күтеді. Өзі де NurOtan партиясын қолдайтынын, елімізде болып жатқан оң өзгерістер мен тұрақтылыққа партияның үлесі зор екенін де жасырмады.

Елімізде жаңа өзгерістердің болатынына сенім білдірді.