Перейти к содержимому
syrym.nurotan.kz

Сырым аудандық филиалы

@syrym.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының Facebook, Instagram парақшасына тіркеле кетіңіз!!! https://www.facebook.com/amanatsyrym/ https://www.instagram.com/amanat_syrym/?hl=ru

рейтинг

250

жазбалар

459

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

12

Онлайн қабылдау

14 қараша күні әлеуметтік желі арқылы аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі міндетін уақытша атқарушы Б.Жанболсынов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Сарсенов онлайн қабылдау өткізді. Қабылдауға атаулы әлеуметтік көмек алу және білім беру саласының мәселелері бойынша сұрақтарға заң аясында жауаптар берілді.

0
0
130

Жолдау талқыланды

13 қараша күні аудандық Саяси Кеңес мүшелері, қаржы саласының мамандары, және осы салаға қатысты бастауыш партия ұйымының мүшелерінің қатысуымен кездесу өткізіліп, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауынан туындайтын мәселелер талқыланды.

0
0
142

Сырым колледжінің жатақханасына мониторинг жүргізді

2020 жылдың 18 қараша күні «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев, Жымпиты ауылдық мониторинг тобының жетекшісі Д.Тайшиев Сырым колледжінің жатақханасына мониторинг жүргізді.

0
0
105

Онлайн қабылдау

Бүгін 18 қараша күні "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының "Жосалы", "Шағырлой", "Аралтөбе" және "Қособа" бастауыш партия ұйымдарының төрағалары онлайн түрде, WhatsApp қосымшасы арқылы, қабылдау өткізді. Қабылдауға жүгінген азаматтар тұрақты жұмыс, атаулы әлеуметтік көмек, материалдық көмек мәселелері бойынша жолықты.

0
0
121

Ұрпақтар сабақтастығы

«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» АРДАГЕР СПОРТШЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Аға буынмен арадағы байланысты нығайтып, рухани құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру бағытында бүгін, «SJ» жастар орталығында ардагер спортшы Ғилаж Қаналиевпен кездесу өтті.

Жоба мақсаты –ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғастыру, адами құндылықтарға баулу, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» ұстанымымен өзара қарым-қатынасты жандандыру.

Жастар өз кезегінде ардагер спортшының ғұмырнамасымен танысып, спортшының өмірлік тәжірибесін, қызығы мен қуанышын, көңілге түйген ой-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік алады.

Өткізілген шара өзіндік ерекшелігімен ұрпақтар арасын жақындатуға, сол арқылы аға буын мен кейінгі толқын арасындағы ізгілік тінін бекемдеуге жол ашары анық.

0
0
360

"Бақытты отбасы"

Бүгін 12 қараша күні аудандық "Nur Otan" партиясы Саяси Кеңесі, "Сырым жауһарлары" қоғамдық ұйымы, аудандық әйелдер қоғамдық кеңесінің мүшелері онлайн жүйесінде өзара кездесу өткізіп, партияның " Бақытты отбасы" партиялық жобасының ауданда іске асырылуы жөнінде талқылады.

0
0
142

Онлайн отырыс өтті

11 қараша күні Сырым аудандық филиалының фракция және әйелдер қоғамдық кеңесінің мүшелері онлайн жүйесінде отырыс өткізіп, көп балалы отбасылардың түйткілді мәселелері қаралып, ұсыныстар жинақталды.

0
0
161

Кездесу өтті

11 қараша күні облыстық мәслихат депутаты Ғ.Нұрмуханов аудандық кітапхананың оқырмандар залында партия ардагерлерімен кездесті. Кездесудің мақсаты қоғамдық кеңестің жұмысында азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру болып табылады.

0
0
137