Праймериз мықтыларды анықтауға мүмкіндік
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша праймериз - партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет 17 тамыз бен 3 қазан аралығында республикалық партияішілік сайлау ауқымында өткізілді. Бұл, «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын «қайта жандандыру» бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі болды. Жалпы, праймериз қатысушылар белсенділігі жоғары болды, сол белсенділіктің нәтижесінде 1108 адам тіркеліп, өңірде 1 орынға 3,8 үміткерден айналып, үлкен бәсекелестікті тудыртты. Қатысуға ниет білдірген азаматтардың қатарында 404 немесе 36,4% әйелдер, 35 жасқа дейін 273 немесе 25% жастар, көпбалалы аналар – 9, мүгедек жандар – 5, қандастар – 11 адамды құрады. Қатысушылардың 60 пайыздан астамы немесе 785 үміткер праймеризге қатысуға өз-өзін ұсынушылар қатарынан. Қалғаны – 323 үмі…