Кәсіпорындар қызметі партия назарында.
Кәсіпорындар қызметі партия назарында. Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Болат Сериев пен Алишер Манликов «Ажар» тігін фабрикасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, осы уақытқа дейінгі атқарылған жүйелі жұмыстар легімен бөлісті. «Nur Otan» партиясы қолданыстағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті өнім шығару ассортиментін кеңейту және ұлғайтуға ықпал ететін болады. Қазіргі қиындықтарға қарамастан партия экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, облысымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бірқатар маңызды жобаларды іске асырмақ . «Біздің бағдарламамыз Талдықорған қаласын дамытуға бағытталған. Біз қаламызды өмір сүр…