Саясат туралы көп айтпайтынымды білесің ғой
Құрдас, Айдос Сарымның мақаласына қалдырылған пікірлерге қарап 20 жылда ұлттың қадірін түсінбегендер мында өріп жүргенін аңғаруға болады. (Егер бүгін көңіл-күйің болмай отырса, ашып оқымай-ақ қой) Меніңше, 20 жылдың ішінде өзінің болашағын қай елмен байланыстыратын уақыт келіп жеткен сияқты. Мына жерге келіп, шикілік шығарғаннан басқа бітіріп жатқандары шамалы. Мүмкін адамзатқа бір түйір пайда келтіріп жатқан шығар, Аллаһқа мәлім! Негізі менің саясат туралы көп әңгіме қозғамайтынымды жақсы білесің ғой. Түсінбеймін. Мемлекеттің құрып жатқан саясатына қарсы шығуы түсінікті. Әркімнің өз көзқарасы бар. Бірақ сонша қоқысты ішіне жиып, оны мында бүріп шашқаннан не ұтады? Елдің болашағын ойласа, айбайлап сөйлемейді ме екен... Өзіне не керегін әлі күнге дейін білмейтін кішкентай бала сияқты. Бола…