2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспарына сай «AMANAT» партиясының Жәнібек аудандық филиалында Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат, аудандық сайлауалды штабтың мүшесі Есқайыр Илемесов және Жәнібек аудандық сайлауалды штабтың жетекшісі Біржан Қуанәлиев «Символ» ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде Есқайыр Илемесов өзінің сайлауалды бағдарламасында белгіленген негізгі міндеттер туралы ақпарат беріп, сонымен қатар бүгінгі күнге «AMANAT» партия тарапынан атқарылған жұмыстар жөнінде хабарда етті. Өз кезегінде Біржан Қуаналиев «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтар туралы хабардар ет…