Күйгенкөл ауылдық округіне жаңа әкім сайланды
Бүгін Күйгенкөл ауылдық округі бойынша тізімге енгізілген 532 сайлаушының 76,31 %-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Диана Бурекешоваға 7, Ұшқын Ғазезовке 16, Саят Тарғыновқа 364 дауыс берілді.
Дауыс беру нәтижесі бойынша ең көп дауыс жинаған Саят Тарғынов Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Саят Бауыржанұлы Тарғынов 1989 жылы туылған. Ұлты қазақ. Күйгенкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымын атқарған. «Nur Otan» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жасқайрат ауылының тұрғыны.






