Сәлем, оқырман! = Здравствуй, читатель!
Кітапханада қостанайлық жазушы, ақын Александра Ильинична Сусловамен «Сәлем, оқырман!» атты жылы жүзді кездесу - сұхбат өтті. Іс-шараға Тобыл қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектептің 6 «Б» және 6 «Д» сынып оқушылары, сондай-ақ Қостанай колледжінің сырттай оқу бөлімінің кітапханашылары қатысты. Кездесу барысында Александра Ильинична балалық шағындағы естеліктерімен бөлісіп, отбасылық дәстүрлері, сүйікті кітаптары және шығармашылық жолы туралы әңгімеледі. Оқушылар қонақтың әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, шығармаларымен танысып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.



