Перейти к содержимому

Қазақ газеттері

Біз Журналистика факультетінің студенттері 5-маусым тәжірибе жинау мақсатында “Қазақ Газеттері” мен танысуға барған болатынбыз. Ұжым басшысы бізді жылы қабақ танытып күтіп алды.


«Қазақ газеттері» деп аталатын құрылым өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты деп айта аламыз. Жаңа құрылым жаңа ғимаратта жұмысын бастаған екен. Ұжым қызметкерлерінің жалақысы, қаламақы және сыйақы өскен екен. Алда да атқарылатын жұмыс көп. Енді «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары бір шаңырақтың астында қызмет істейтініне тағы бір мәрте куә болдық.

“Қазақ газеттері” ЖШС Алматы филиалының директоры Думан Анаш бізді осы газет, басылымдардың тарихымен тағы да таныстырып өтті.

«Бүгін жарық көріп жатқан басылымдар – «Қазақ» газетінің мұрагерлері. Қай кезде де мерзімді баспасөз керек. Биыл ақпараттық доктрина қабылданды. «Масс медиа» туралы заң жобасы қаралып жатыр. Қазір қазақ басылымдарының жағдайы мәз емес. Жазылу мәселесін айтып келеміз. Бағасы сол күйі, бірақ баспахана қызметі, жеткізу құны қымбаттап кетті. Бірақ басылымға жазылу құны өзгерген жоқ. Бұрынғыдай емес, баспасөзге жарнама беру де азайып кетті. Яғни, біз табысқа емес, шығысқа жұмыс істеп келеміз. Заман талабына сай, әлеуметтік желідегі арналарымызды дамытуға күш салып жатырмыз», – деп атап өтті Думан Анаш


Практика күніміз өте қызықты және пайдалы болды.


Дауленхан Аружан.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Журналистика факультеті.

0
0
203

Еще по теме

Қазақ газеттері - Yvision.kz