Перейти к содержимому
Обложка сообщества Книги

«Кітап оқу - менің вайбым»: book party = «Чтение — мой вайб»: book party

Жастар кітабы күні аясында Қостанай цифрлық индустрия колледжінің студенттері бізге қонаққа келді. Біз кітап оқудың қызықсыз әдебиет сабағы ғана емес, нағыз өмір салты, эстетика мен шабыт көзі екенін дәлелдедік.

Біз ең танымал әрі сұранысқа ие әдеби жанрлар бойынша қызықты интерактивті саяхат жасадық. Заманауи фэнтези жанрының несімен баурап алатынын, жүрекке жылу сыйлайтын романтикалық шығармалардың неліктен сүйікті екенін, шытырман оқиғалы детективтердің оқырманды қалай еліктіретінін және шынайы өмірді суреттейтін прозаның қандай күші бар екенін талқыладық.

Сонымен қатар, қиял-ғажайып фантастика, қолданбалы психология және күнделікті өмірде пайдасы зор ғылыми-көпшілік әдебиет туралы да әңгімелестік. Әркім өзіне тән ерекше әсер алды!

Шығармашылық алаңда жастар өз қолдарымен авторлық кітапбелгілер жасады. Кездесудің соңында студенттермен бірге кітапханамыздың басты кітап плейлистін құрастырдық! Бұл тізімде әндер мен орындаушылардың орнына сүйікті кітаптар, тың ұсыныстар және осы күздің көңіл күйі мен ырғағын айқындайтын әдеби жанрлар орын алды.

Осы күнді бізбен бірге өткізген, сүйікті кітаптарымен бөлісіп, айналамызға ерекше көңіл күй мен жағымды энергия сыйлаған баршаңызға рақмет!

В рамках Дня юношеской книги к нам в гости пришли студенты Костанайского колледжа цифровой индустрии, и мы доказали: чтение — это не скучные уроки литературы, а настоящий стиль жизни, эстетика и вдохновение.

Мы провели настоящий интерактивный экскурс по самым актуальным жанрам. Разбирали, чем затягивает современное фэнтези, за что любят уютную и эмоциональную романтику, как подсаживают на крючок закрученные детективы и в чём сила честной реальной прозы. А ещё поговорили про убойную фантастику, прикладную психологию и нон-фикшн, который реально помогает в жизни. Каждый нашёл что-то своё!

На творческой локации ребята создавали авторские закладки для книг. В финале встречи вместе со студентами оформили наш главный книжный плейлист библиотеки! Только вместо треков и исполнителей в нём — любимые книги, свежие рекомендации и жанры, которые задают ритм этой осени.

Спасибо всем, кто провел этот день с нами, делился своими книжными фаворитами и заряжал пространство крутой энергией!

Еще по теме