{"blocks":[{"key":"2s9p5","text":"Бұл мереке 2012 жылы бір американдық баланың: «Неге күнтізбеде адамдар бір-біріне кітап сыйлайтын, бір-бірімен кітап алмасатын күн жоқ?» деген сұрағына байланысты пайда болды.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"huf8","text":"Баланың қызығушылығы арқасында оның анасы Эмми Бродмур, балалар кітабы сайтының авторы, осындай мерекені құру идеясын ұсынды. Әйелдің бастамасын оның туыстары мен достары, сондай-ақ әлеуметтік желідегі жазылушылары да қолдады. Осылайша бұл идея бүкіл әлемге тарады.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"62oaj","text":"Бұл күні кітапты ең алдымен балаларға, сондай-ақ кітап оқуға қол жетімділігі шектеулі жандарға сыйлау дәстүрге айналған. Сыйға берілген кітап біреу үшін, көптен бері толғандырған сұрақтарға жауап беруі мүмкін, біреу үшін- ол жарқын әсерлер мен эмоциялардың қайнар көзіне немесе есте қаларлық, тіпті тағдырлы оқиғаға айналуы мүмкін.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"96qlb","text":"Әр адам бұл мерекеге - достары мен отбасына сыйлық жасап, кітапханаларға, мектептерге, балалар мекемелеріне кітаптар әкеліпоңай қосыла алады.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"4kefa","text":"Биылғы жылы біздің кітапхана ауыл кітапханасына сыйлық ретінде кітаптар жинап жатыр.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"44nel","text":"БІЗДІҢ АКЦИЯНЫ ҚОЛДАҢЫЗДАР!","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}}],"entityMap":{}}