Патриотизмнің жанды қуаты: Степногорск қаласында азаматтық жауапкершілік қалай қалыптасады
Бұл қалада азаматтық жауапкершілік шығармашылық, естелік пен игі істер арқылы тәрбиеленіп келеді, деп хабарлайды Yvision.kz.
Патриоттық тәрбие —жаттанды ұран ғана емес, бұл – отбасы, мектеп, мәдениет мекемелері мен жергілікті қауымдастықтың күнделікті еңбегі. Ол нақты істердің, тарихи сана мен рухани нышандар тілі.
«Мемлекеттің күші — халықта, оның жасампаз энергиясы мен патриотизмінде», — деп ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өтті.
Сондықтан Степногорск қаласында балалармен, жастармен және ересектермен азаматтық бірегейлік сабақтарынан бастап қалалық фестивальдер мен естелік форумдарға дейін жүйелі әрі мақсатты жұмыс жүрзеге асып жатыр. Дәл осы тұста Абай Құнанбайұлының «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең — істің бәрі бос» деген аталы сөзі өзектілігін әлі жоймағанын көрсетеді. Бірлігі жоқ жерде ынтымақ та, болашақ та болмайды.
Қаладағы орталық мәдениет сарайы «Горняк», Достық және шығармашылық үйі, Ақсу, Шантөбе, Бестөбе ауылдарындағы мәдениет үйлері, Изобильное мен Заводской клубтары, сондай-ақ 12 кітапханадан тұратын орталықтандырылған кітапхана жүйесі мәдениет және кітапхана мекемелерінің желісі патриоттық тәрбиеде маңызды рөл атқарады. Осындай ауқымды желіде жүздеген іс-шара өткізіліп, ондаған мың адамды қамтиды. Бұл жұмыс адамдардың өздерін ел азаматы ретінде сезіну қажеттілігін қалыптастыруға көмектеседі.
Махаббат әуені
Жыл бойы қалада мәдени-шығармашылық бағытқа айрықша көңіл бөлінді. Көктемде дәстүрлі «Шабыт-2025» вокалдық байқауы өтті. Байқауға кәсіпорындар, колледждер мен қосымша білім беру ұйымдарының жас орындаушылары қатысты.
Қатысушылар қатарында «Қазақалтын Technology» ЖШС, «ЭМА Ltd.» ГП, музыка мектебінің және «Достар» студиясының тәрбиеленушілері болды. Барлығы 34 қатысушы өнер көрсетті. Сахнада «Менің Қазақстаным», «Атамекен», «Туған жер» сияқты Отанға, тәуелсіздікке және ерлікке арналған әндер шырқалды. Көрермендер де бірге ән айтып, өнерпаздарды қолдап отырды.
Өнер — бұл жарыс емес, бастысы — қатысу. Дегенмен, үздік орындаушылардың талабы ескеріліп, марапатталды. Лауреаттар: Вера Гришина (I орын, «Қазақалтын» ЖШС), Жанерке Қартабаева (II орын, №9 К. Сәтбаев атындағы мектеп), Ляззат Сайдуллева (III орын).
Байқауға демеушілік көрсеткен — @romantic.step гүлдер салоны және «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Степногорск қалалық филиалы.
«Мұндай ашық форматтағы жобалар жастарды заманауи үлгіде жалықтырмай, шығармашылық тұрғыда тәрбиелеу үшін маңызды», – дейді елордалық сарапшы Алия Темирова. – «Қазақ халқы ежелден өз Отанын сүюге өлең мен музыкалық шығармашылық арқылы тәрбиелеуді дәстүрге айналдырған».
Жазда Степногорск қаласында «STEP FEST» авторлық әндер фестивалі өтті. Онда авторлар мен орындаушылар Отан, еңбек және жауапкершілік тақырыптарын қазіргі заман рухында жеткізді. Көп жастар үшін бұл фестиваль өз туындыларын алғаш рет көпшілік алдында орындауға мүмкіндік берді.
Тәуелсіздік нышандары
Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба, Әнұран — тарих пен жауапкершіліктің тоғысқан бейнесі. 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Степногорск қаласында алаңдар мен мәдениет үйлерінде Ту көтеріліп, Әнұран шырқалды. Шараларға оқушылар, еріктілер және кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Қалың көпшіліктің қатысуы, бәрімізге ортақ рәміздер мен елге деген мақтаныш сезімі. Мұндай форматтар қарапайым болғанымен, әсері зор.
Қалалық сахналарда Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заңымызға 30 жыл» атты мерекелік концерт өтті. Қала әкімі Гайдар Касенов құттықтау сөзінде Конституцияның ел тәуелсіздігі мен татулығының берік негізі екенін атап өтті. Мерейтой құрметіне қала әкімі мен мәслихат төрағасы марапаттау рәсімін өткізді.
Концерттік бағдарламаға халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Замзагүл Талғатқызы, Бекұлан Ерболатұлы, Алтынбек Арыстанбек және қалалық шығармашылық ұжымдар қатысты. №3517 әскери бөлім сарбаздарының патриоттық қойылымы ерекше әсер қалдырды.
Концерт тек мәдени шара ғана емес, ел бірлігі мен даму символы саналатын Конституция құндылығын еске салған оқиға болды.
Күзде Республика күніне арналған мерекелік бағдарламаларда еріктілер, студенттер мен әскери қызметшілер қатысты. Рәміздер мен заңға құрмет көрсету қала өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді.
Қорған болуға дайын
Тәуелсіздікті қуатты Қарулы күштерсіз елестету мүмкін емес. 15 қыркүйекте «Горняк» мәдениет сарайында ішкі саясат бөлімі жанындағы Жастар ресурстық орталығы мен қалалық қорғаныс бөлімі бірлесіп, «Туған ошақтың жылуы» атты патриоттық акция өткізді. Іс-шара әскер қатарына шақырылған жас сарбаздарды салтанатты шығарып салуға арналды.
Акция барысында сарбаздарға әскердегі алғашқы қажетті заттар салынған естелік сыйлықтар табысталды. Мұндай іс-шаралар жастар арасында патриоттық рухты нығайтып, Отан алдындағы борышқа құрмет сезімін арттырады.
Ізгі істер тізімі
Қалада тәрбие жұмысы тек мерекелермен шектелмейді. Кітапханалар мен мұражайлар патриоттық поэзия сағаттарын, рәміздерге арналған көрмелер мен экскурсиялар өткізеді. Мектептер мен клубтарда Ту, Елтаңба және Әнұран туралы шағын жобалар жүзеге асырылады. Қоғамдық ұйымдар ескерткіш орындарды абаттандыру акцияларына қатысады.
Мысалы, «Тілек ағашы» акциясы барысында балалар мен ересектер тілектерін жазып, оны орындауға атсалысады. Мұндай тәжірибе құрметтің тек сөз жүзінде емес, нақты істер арқылы көрініс табатынын дәлелдейді.
Мектеп, мәдениет үйлері, кітапханалар мен жастар қауымдастықтары бір бағытта жұмыс істегенде, мемлекеттік рәміздер мен заңға деген құрмет степногорлық жас ұрпақ үшін табиғи өмірлік нормаға айналады.
Дәл осы тұста Президенттің тәуелсіздікті сақтау, қала мен ел игілігі үшін еңбек ету, бір-біріне қолдау көрсету және болашаққа сеніммен қарау деген сөздері әр азамат үшін өсиет болмақ.
