Перейти к содержимому
Обложка сообщества Новости

Петропавловск тұрғындары мен қонақтарына отбасылық концерт тарту етіледі

1 тамызда Петропавловск қаласының басты алаңы үлкен музыкалық мерекенің орталығына айналады. Отандық жетекші тамақ өнімдерін өндірушілердің бірі және Қазақстандағы №1 халықтық бренд «SULTAN» өзінің 30 жылдығын атап өтіп, сүйікті қаласына ашық аспан астында үлкен мерекелік концерт сыйлайды.

Үш онжылдық ішінде ұрпақтар алмасты, көп отбасы пайда болды, балалар дүниеге келді, бірақ бір нәрсе ғана өзгеріссіз қалды – ол танымал брендтің сапасы мен миллиондаған қазақстандықтардың сенімі. Бұл күні қала алаңы баршаның басын қосып, бір үлкен, тату отбасы ретінде қуаныш, жылы лебіздер мен сүйікті әндерден шашу шашады!

Қашан: 1 тамыз, сағат 17:00-де

Қайда: басты алаң (облыстық әкімдікке қарама-қарсы)

Мерекелік бағдарламада:

·  17:00 – Ашылуы: Бренд тарихы, еңбек сіңірген қызметкерлерді құттықтау және балаларға арналған сыйлықтарға толы көңілді бағдарлама.

·  18:00 – «Петропавловск» бөлімі: қаланың үздік ұжымдарының жүрекжарды өнер көрсетуі және Алматыдан келген бишілермен бірге интерактивті флешмобтар.

·  20:00 – Музыкалық бөлім: Q Production тобының орындауындағы сүйікті хиттер жанды дауыста шырқалады.

·  20:30 – Мерекенің шарықтау шегі: халық сүйіп тыңдайтын белгілі әнші Айқынның өнер көрсетуі. Кеш соңында барлық қонақтарды естелікке суретке түсу рәсімі күтеді.

Кеш бойы тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлап, конкурстар өткізіп, сыйлықтар тарататын жүргізушілер: Радмир Зейдин және Жарқын Ибраев.

SULTAN халықтық брендінің туған күні – бүкіл отбасымен бас қосып, ең жақын жандарыңызды құшақтап, жылулық пен қуанышқа толы музыкалық кеште ұмытылмас уақыт өткізу үшін тамаша мүмкіндік!

Кіру тегін.

0
0
126

Еще по теме