ПРАЙМЕРИЗДІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ!
Осы тақырыпта «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Р.Рақымбековтың төрағалығымен Саяси кеңес Бюро мүшелері және Бастауыш партия ұйымдары төрағаларының қатысуымен Skype арқылы селекторлық отырыс өткізілді.
Отырыс барысында аудандық филиалының есеп және статистика бөлімінің меңгерушісі С.Копбаева ағымдағы жылы партияның Праймеризі алғашқы рет онлайн форматта өткізілуі айқындалғанын және осы тұрғыда процестерді автоматтандыру мобильді қосымша мен веб-порталды қамтитын «Праймериз» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылатындығын атап өтті.
Сонымен қатар, аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Р.Рақымбеков Орталықтандырылған есеп базасында әрбір партия мүшесінің енгізілген ұялы телефон нөмірлерінің дұрыстығын анықтау, дебат өткізілетін орындарды сапалы дайындап, интернет желісіне қосылу мәселесін басты назарға алу қажеттілігі туралы тиісті тапсырмалар беріп, бақылауға алуларын тапсырды.
Онлайн отырыс қызу өтті. Себебі, қатысушылар қойған сауалдарына толыққанды мағлұмат алды.
Қорытындысында, аудандық филиалы тарапынан барлық тиісті ақпарат қосымша жолданады – деп аяқтады, сектор меңгерушісі С.Копбаева.
