«Ы. Алтынсариннің өміріннен бір күн»

15 қыркүйекАса құрметті Николай Иванович!Сіз маған жаңа ғана жеткізілген жеделхатыңызға орай, өкінішке қарай, қазіргі уақытта менде орыс сыныптарының мұғалімдері толық құрамда екенін айтуға мәжбүрмін. Олардың арасында қабілеті жағынан әлсіздеу мұғалімдер бар болғанымен, оларды ренжіту өкінішті, ал оларды бұдан ертерек қабылдай алмауымның себебі - бұдан да жақсырақ мамандардың бар-жоғын білмеуім еді.Ал келесі оқу жылының басында жаңа мұғалімдер қажет болуы әбден мүмкін. Алайда Сіз маған ұсынған қабілетті жас жігіттің осы уақытқа дейін күтуіне, әрине, мүмкіндігі болмайды».
«Менің жеделхатымнан өзіңіз көрген боларсыз, Торғайда 25 адамға арналған арнайы қолөнер училищесін ашқалы отырмыз. Онда негізінен ағаш ұсталығы мен столярлық жұмыстар, сондай-ақ қыздар үшін қолөнер үйретілмек (егер соңғыларын тарта алсақ. Әрине, бұл пайдалы оқу орнының ойдағыдай жұмыс істеп кетуі өте қажет. Алайда менің қалауымша, әрі кәсіпке, әрі сауат ашуға үйрете алатын лайықты мұғалім табу оңай болмайтын сияқты.
Енді не істеу керек? - Сіздің кеңесіңізге сүйене отырып, істі асықпай бастап, әрі қарай жалғастыру және аз ғана жетістікке де қанағат ете білу керек. Сондықтан істі қарапайым ағаш шеберінен бастаймын да, сауат ашуды басқа, сауатты адамға тапсырамын. Немесе, бәлкім, жергілікті әйелдер арасынан бұрыннан қарастырылып жүрген қолөнер мұғалімін тартармыз.
➡️ Толық мәтінді мына басылымнан оқыңыз:Алтынсарин И. Собрание сочинений: в трех томах. – Алма-Ата : Издательство «Наука» Казахской ССР, 1978. – Т. 3. – С. 81.

