Перейти к содержимому
Обложка сообщества Культура

«Ы. Алтынсариннің өміріннен бір күн» = «Один день из жизни И. Алтынсарина»

12 қыркүйек

«Сізге, сөзсіз, белгілі болғандай, Қостанай қонысында тұрғындар саны 10 мыңнан астам адамға… жетеді, алайда орыс қоныстанушыларының балаларына арналған ерлер де, әйелдер де училищесі жоқ. Соған қарамастан, қоныстанушылар өз балаларын сауаттандыру қажеттігін жиі білдіреді. Осыған байланысты биыл мен қоныстанушылардың 20-ға дейін ұл баласын Қостанай бекінісінде ашылған қырғыз мектебіне қабылдап отырмын».

«Қостанай қонысының қала құқықтарына ие еместігін және шын мәнінде шаруа қонысы болып қала беретінін ескере отырып, егер қоныстың өзі өз тарапынан жоғарыда аталған пәтер жалдау және басқа да міндеттемелерді өз мойнына алған жағдайда, Қостанай қонысында орыс училищесін ұстауға заңда белгіленген жыл сайынғы тиісті субсидияны бөлу туралы жоғары оқу-ағарту басшылығына өтініш жасауға болар еді».

«Осыны баяндау арқылы Сізден аса құрметпен сұраймын: Қостанай тұрғындарына тиісті жолмен мектеп үшін үйді тегін беруді немесе жалға алуды, сондай-ақ оны жылытуға, жарықтандыруға, жөндеуге және қызметші жалдауға қажетті қаражатты өздері бөлуді ұсынуды қажет деп таппайсыз ба? Тұрғындар келісім берген жағдайда, бұл туралы тиісті қаулы жасап, кейіннен бұл жөнінде маған да хабарлауды ұмытпаса екен. Сонда мен Қостанайда екі сыныпты училище ұстауға қазынадан жыл сайын 1 мың рубль бөлу туралы өтініш жасай алар едім. Өйткені бір ғана мұғалімі бар бір сыныпты училище Қостанай қонысының білім алуға деген қажеттілігін қанағаттандыра алмайды».

➡️ Толық мәтінді мына басылымнан оқыңыз:

Алтынсарин И. Собрание сочинений: в трех томах. – Алма-Ата : Издательство «Наука» Казахской ССР, 1976. – Т. 2. – С. 220-221.

#ыбырай #ыбырайалтынсарин #ыбырайалтынсарин185жыл #ибрай #ибрайалтынсарин185лет #одинденьизжизниАлтынсарина #Алтынсаринөміріндегібіркүн

Баннер сообщества Культура

Еще по теме