Перейти к содержимому
Обложка сообщества Культура

Ыбырай салған ізбенен

18 қараша күні облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ыбырай салған ізбенен» атты іс-шара өтті.

Кездесудің құрметті қонағы – Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын зерттеуші, оның өмірі мен педагогикалық қызметіне арналған көптеген мақалалар мен баяндамалардың авторы Биялаш Балтиева Суинкина болды.

Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия -интернатының 10 «А» сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында қонақ балалармен өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп, ұлы ағартушының мұрасын зерттеу жолы қалай басталғанын, алғашқы жұмыстарын неден бастағанын және мақалалар жазуға не түрткі болғанын әңгімеледі.

Балалар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұстазға арналған өлеңдерін оқыды. Кездесу жылы әрі танымдық атмосферада өтіп, қатысушыларға Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы көптеген жаңа мәлімет алуға мүмкіндік берді.

Іс-шара Ыбырай Алтынсариннің бай рухани мұрасымен сусындауға, оның ағартушылық қызметімен тереңірек танысуға және еңбектерінің келер ұрпақ үшін маңызын ұғынуға мүмкіндік берген маңызды кездесу болды.

Баннер сообщества Культура

Еще по теме