Ермағанбет Бөлекпаев: «Қарағанды облысы есірткісіз аймаққа айналуы керек»
Қарағанды облысында жыл басынан бері 332 есірткі қылмысы анықталып, 445 кг есірткі тәркіленді. Екі жерасты фотолабораториясы жойылды. Есірткі бизнесімен айналысқандардың қызметі тоқтатылды: жылдық қаржы көлемі 2,5 млрд теңгеден асқан 16 күдікті ұсталды.Аймақ аралық штабтың отырысында есірткіге қарсы саясат қаншалықты деңгейде жүзеге асырылып жатқандығы айтылды. Кеңесте мемлекеттік органдардың өкілдері облысты есірткіден таза аймаққа айналдыру үшін тағы қандай шаралар қабылдау керектігі талқыланды.Полицейлер наркограффити-мен күрес жүргізуде.– Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск және Балқаш қалаларында еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен «СТОП-граффити» ұранымен ауқымды акциялар өткізілді. 2024 жылдың 16 қазанына дейін 410 рейд жүргі…
