Disney туындылары қазақ тілінде көрсетіледі
Сүйінші! Қазақстан кинотеатрларында DISNEY компаниясының үш бірдей туындысы: Disney және Pixar студияларының «ОЙЖҰМБАҚ 2» анимациялық фильмі, Disney компаниясының «МОАНА 2» шытырман оқиғасы мен «МУФАСА: АРЫСТАН ПАТША» көркем фильмі қазақ тілінде көрсетіледі. Бұл сүйінші жаңалықты Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы til.kz ресми сайтында жариялады.Фильмдерді түрлі елдерге бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 30-ға жуық нұсқасын дайындайды. Қазақ тілінің осындай ірі тілдер қатарына қосылуы, сүйікті фильмдердегі өзімізге жақсы таныс кейіпкерлердің бізбен бірге бір тілде сөйлеуі – өте маңызды қадам. Осы тұрғыда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізгі жұмыс бағыты Disney компаниясының ұстанымен үндес келеді. «Қазақ…


