Швецияның сәттілік тарихы: СО2 шығарындыларын азайтып, ЖІӨ екі есе арттыру жолдары (Qazaqgreen.com)
QAZAQ GREEN. 1990 жылдан бастап Швеция парниктік газдар шығарындыларын 80%-ға төмендетіп, экономикалық өсуге қол жеткізді. Мұның құпиясы неде? Бұл тұрғыда шведтер басқаларға үлгі бола ала ма? Бұл туралы Deutsche Welle басылымында Анн-Софи Брендлин материалында.Швеция өз экономикасын дамыту және сонымен бірге климатты қорғау рецептін тапқан сияқты. «Экологияға теріс әсерді азайту үшін әл-ауқат деңгейін төмендетудің қажеті жоқ», - деп сендіреді швед Хатшылығы-2030, 2010-2030 жылдар аралығында елдің көлік секторындағы СО2 шығарындыларын 70%-ға азайтуға бағытталған ұйымның негізін қалаушы Маттиас Голдман.Еуропалық қоршаған ортаны қорғау агенттігінің (European Environment Agency, EEA) деректері бойынша, Швеция парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша Еуропаның барлық басқа…