«ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» САПАРЫ ЖАҢА СЕРІКТЕСТІККЕ ЖОЛ АШАДЫ
Жуырда мұнай-газ саласында импорталмастырушы өндіріс орындарының әлеуетін арттырып, өзара тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында ұйымдастырылған «Теңізшевройл» ЖШС делегациясының қаламыздағы жұмыс сапары қорытындыланды. Делегация құрамында компания басшылығы, сатып алу және техникалық бөлімдердің мамандары, сондай-ақ мердігер ұйым өкілдері болды. Іс-шараға 70-ке жуық жергілікті кәсіпорын қатысты.Сапардың бірінші күнінде делегация жергілікті тауар өндірушілердің көрмесін аралап, кәсіпкерлермен диалог алаңында кездесті. Келесі күні қонақтар қаладағы ірі өндіріс орындарын аралады. Гидравликалық және су асты сорғыларының өндірісімен айналысатын «Karlskrona LC AB», 25–500 МВА қуаттағы трансформаторлар шығаратын «Asia Trafo», электр құрылғылары өндірілетін «Renaissance SHIK», майлау материалдар…