Тауға шыққан адам нені білуі тиіс?
Алматы тауларымен ерекше. Алматыға келген әрбір қонақ, турист тауға баруға асығып тұратыны да содан болар. Бірақ, олардың бәрі бірдей тауға шыққанда қауіпсіздік шараларын біле бермейді. Сол себепті жаңалықтардан тауға жалғыз шыққан, адасып кеткен, қалаға қайта алмай қалған адамдардың құтқарылғаны туралы жиі естиміз. Өкінішке қарай, кейде туристерді құтқарып қалу мүмкін емес. Олар құтқарушылар келгенше жан тапсырады.Тауға шығарда нені ескеру қажет? Қалай киіну керек, қандай жабдықтар болуға тиіс? Қандай жағдайлар өлімге әкеп соқтыруы мүмкін? Қыста тауға шығу неліктен қауіпті? Бұл сұрақтарға альпинизм нұсқаушысы, құтқарушы Бақыт Данабек жауап берді."Екі жылдан бері 109 құтқару қызметінде жұмыс істеп жүргенде бірнеше қайғылы оқиғаға куә болдым. Ең бірінші себебі – адам тауға жалғыз шығады. Қ…
