Дариға Бадықова енді продюсер
Бұған дейін "Келінжан" филімінде Айсара арқылы танылған талантты актриса Дариға Бадықова бұл жолы көпшілікке продюсерлік қырымен танылды. Дариға продюсерлік еткен "Таптым-ау, сені" фильмі 1 желтоқсаннан бастап үлкен экранға жол тартып отыр. Осы ретте, күні кеше Алматыда журналистер қауымына арналған арнайы пресс конференция өткен болатын. Пресс конференция барысында түсірілім тобы фильмнің түсірілім барысында болған қызық оқиғалар туралы айтылды.Дариға Бадықова Әйел рөлінен еркекшора рөлге өту оңай болмады. Төрт күн бойы түсірілім алаңында қиналдым. Басында Айсара рөлінен шыға алмағаным рас. Талай рет күлкіге де қалғаным бар сол үшін. Маған ешкім сенбеді. Көңіл-күйім түсті. Режиссер, оператор дегендердің бәрі сырттан бақылаушылар ғой. Ешкім ұнатпайды, режиссер тіпті уайымдады. Қатты уайым…
