Перейти к содержимому
izgilik

Ізгілік Нагиев

@izgilik

На сайте с 15 декабря 2010 г.Казахстан, Алматы

www.45minut.kz

рейтинг

100

постов

219

комменты

194

подписчиков

48

подписок

69

МайлРУ - www.mail.ru - Теперь вынужден поддерживать казахские шрифты. Их заставили или сами додумались наконец то....

Бұрыннан қақсап келе жатқанымыздай МайлРУ - www.mail.ru поштасы арқылы қазақша әріптер оқылмайтын. Қазақша әріппен  жазғанымыз түсініксіз әріптермен келіп, МайлРУ дұрыстап қазақша әріптермен жазсаңдаршы деп ұрсып тұрғандай болатын. Соңғы уақытта қазақша әріптердің оқыла бастағанын көрдім. Бәрімізде де солай ма екен, тексеріп көріңдерші....

0
0
535

жаз дабай! пиши давай!

Сонымен бүгін бір жолдас жігіттің айтуымен ДабайКЗ сайтына тіркелдім. Негізі сайтты бұрыннан білемін танимын, сыйлаймын, қуанамын. Тіркелуге бірнеше себептер тоқтатып жүр еді.  Ішіндегі жазбаларға пікір жазу үшін ғана тіркелгім келмеді. Екінші себеп, бір блогқа жазып сол арқылы басқаларға тарасын, кросспостинг жүйесі жұмыс істесе деп жүрдім. Жолдас жігіт ДабайКЗ сайтында кроспостинг істейді деген соң тіркелдім, бірақ істеп тұрғанын көрмедім. Мүмкін мен таба алмаған шығармын. Сонымен: ДабайКЗ тегі алғашқы жарияланым:  Жазылатын мақала да өте маңызды. Негізі ДабайКЗ те izgilik.wordpress.com/ блогымдағы мақалалар автоматты түрде кросспостинг жүйесімен жарияланып тұрады деп айтылған соң тіркеліп едім. Көпке дейін тіркелмей, Фейзбук немесе Твиттер арқылы кіретін жағдай жасағанда пікір жазармын деп жүр едім.

Әйтпесе екі үш жерден блог ашып бәріне жазып отыруға шама жоқ. Мысалы izgilik.wordpress.com/ блогымдағы мақалалар жарыққа шыққан соң автоматты түрде Фейзбукте, Твиттерде, Ювижнде жарияланады. Енді ДабайКЗ, Ойтөбе, МасаКЗ автоматты түрде шығып тұрса өте тамаша болар еді. Қазыр жергілікті желілердің дамыған, бір-бірімен араласатын заманы ғой. Әрбір блогтың немесе сайттың жеке қолданушылары болады және бірнеше блогты ашып алып, неше түрлі атпен жүретін уақыт болмайды. Қазір тұрақты танымал бір есіміңді қалыптастыру маңызды.
0
0
588

Эко серуен, Эко туризм

13 ақпан 2011 ж (жексенбі ) Алматы маңындағы "Медеу" табиғи парк тауларында Руханият Greens Партиясымен ұйымдастырылатын тегін табиғи турға шақырамыз!! Маршрут: Просвещенец- Көк жайлау- тау 3 бауыр! Биіктік - 2800 метр!! Экотур барысында өте көп қызықтар, шагын дәрістер, ойындар болады! Керемет пейзаждар, сарқырама, қалаға көрініс, қайың тоғайлары, шырша ормандары т.б естеріңізде мәңгі сақталады! Бұл табиғат аясына шығудың, демалып,жаңа достар табудың және таза таудың ауасын жұтудың тамаша мүмкіндігі ! Гидтер мен дәрігерлер бар, барлығы тегін!! Достарыңызды шақырыныз!!
Байланыс телефондары:
8777 232 6985 Азат 8 701 1947868 Арман 87003720273 Альбина

0
0
427

www.sailau-2011.kz - www.sailau2011kz.wordpress.com

«Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры бастамасымен  “Іс жүзіндегі демократия мектебі” – (Школа демократии на практике)  жобасының сайты - www.sailau-2011.kz - www.sailau2011kz.wordpress.com ашылды. Бұл жобада Президенттік сайлаудың жоғары деңгейде, әділ және ұйымшылдықпен өтуі, еліміздегі демократияны ту еткен барша қоғамдық ұйымдардың және партиялардың ұстанымдарына нақты сынақ. Сондықтан, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры, еліміздегі барлық ҮЕҰ мен партияларға ұсыныс-үндеу жариялайды.

Іс жүзіндегі демократия мектебі
(Школа демократии на практике)

Бұл Президенттік сайлау, Қазақ Елі тәуелсіздік алғалы, қоғамымыздағы оң өзгерістердің заңды жалғасы. Сайлаудың жариялануы – Ата Заңын қастерлейтін, еліміздің шынайы патриоттарының, жалпы азаматтық қоғамның талабынан туындаған жеңістің бірі.
Ендігі жерде Президенттік сайлаудың жоғары деңгейде, әділ және ұйымшылдықпен өтуі, еліміздегі демократияны ту еткен барша қоғамдық ұйымдардың және партиялардың ұстанымдарына нақты сынақ. Сондықтан, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры, еліміздегі барлық ҮЕҰ мен партияларға төмендегідей ұсыныс-үндеу жариялайды:
ҮНДЕУ

1. Елімізде өтетін әр бір Сайлау немесе Референдум, демократия мектебінің бір сыныбына сай екенін ескеріп, Республикамыздың барша азаматтарын өз Президентін таңдауға белсенді ат салысуға шақырып, Президенттік сайлаудың заң аясында өтуіне азаматтық қоғамның бар әлеуетін жұмылдырайық.

2. Еліміздегі тұрақтылық пен үйлесімділікті ары қарай сақтау және халқымыздың сайлау үрдісіне сенімін арттыру мақсатында, барлық Сайлау учаскелерінде, ҮЕҰ мен партиялардың өкілдерінен құрылған, халықтық бақылау комиссияларын жасақтап, сайлау урнасына қанша адам бюллетень тастағанын бейнекамераға түсіріп және оны интернетте on-line режимінде көрсетуді ұйымдастырайық.

3. Еліміздегі барша қоғамдық ұйымдар ортақтасып, «Әр деңгейдегі сайлаулар, іс жүзіндегі демократия мектебі» атты азаматтық қоғам қалыптастыру МЕКТЕПТЕРІН құрып, оның басқарушы Кеңесін жасақтап, мемлекеттілігіміз бен азаматтық қоғамымыздың бар әлеуетін, халқымыздың мәдени-саяси-экономикалық біліктілігін арттыруға белсенді ат салысайық.

4. «Әр деңгейдегі сайлаулар, іс жүзіндегі демократия мектептеріне» арнайы www.sailau-2011.kz сайтын ашып, ҮЕҰ мен партиялардың жазба-фото-видео ақпараттарын тұрақты беріп тұру.

5. «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры, бастамашының үлгісі ретінде, 3 сайлау учаскесінде бейнекамерамен интернетте тікелей эфирде хабар таратып, әр сағат сайын учаске жетекшісінен Сайлау барысы жайлы бейнелі есеп алып, бейнетаспаға жазылған толық ақпаратты Орталық Сайлау Комиссиясына жолдауды өз мойнына алады.

6. Еліміздің демократиялық бағытта мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының үйлесімді дамуын белсенді қолдап, осы ҮНДЕУГЕ қосылатын ҮЕҰ мен партияларды, ұжымдарды және азаматтарды осы ізгі ниетті іске асыруға шақырамыз!

«Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры

Байланыс телефондары:

8(727) 225-25-11, 8 701 277 8316 (Марат, жетекші),
8 701 712 4511 (Болат, үйлестіруші),
8 775 134 3402 (Ізгілік, техникалық қолдаушы)

E-mail: [email protected] [email protected] [email protected]

0
0
752

BlogCamp-2011. Приглашаем всех желающих...

http://www.facebook.com/event.php?eid=162647847119672 арқылы BlogCamp-2011 шарасына қатысуға шақырамыз.  BlogCamp-2011 блогерлердің ортақ құрылтайы болғандықтан осы адрестегі шараға "Барамын" деп қосылғандарды мүмкіндігінше "Ұйымдастырушылар" тізіміне қосамыз. "Барамын" деп белгілемегендер "Ұйымдастырушылар" тізіміне қосыла алмайды. Бұл Фейзбук парақшасын Марат Му есімді  блогер бастап ашып, хабарламаны баршаға жолдауда.

0
0
314

Предел мечтании мужчины или женщины?

1. Когда-то твоё слово являлось для неё аргументом; теперь – предметом для спора.

2. Когда-то ты боялся, что после ссоры она может уйти из твоей жизни; теперь она может уйти только в другую комнату.

3. Теперь примирения у вас не заканчиваются объяснениями в любви и бурным сексом.

4. Когда-то ты звонил ей, чтобы пригласить на свидание; теперь она тебе, чтобы узнать, почему ты опять задерживаешься на работе.

5. Когда-то ты мечтал о совместном отдыхе с ней; теперь ты мечтаешь об отдыхе от неё.

6. Когда-то она тебе снилась; теперь тебе вообще ничего не снится.

7. Когда-то ты дарил её цветы, и она радовалась, как ребёнок; теперь она говорит, что практичнее дарить вазоны.

8. Когда-то тебе нравилась её робость и слабость; теперь ты понял, что недооценивал её.

9. Когда-то тебе хотелось её защищать; теперь ты защищаешься от неё.

10. Когда-то тебя завораживал её голос; теперь ты заворожено ждёшь, когда же она замолчит .

11. Когда-то тебя удивляла её сила воли не кушать после 19:00; теперь она уже не смотрит на часы во время ужина.

12. Когда-то тебя забавляли её глупые вопросы; теперь они тебя бесят.

13. Когда-то вы интересовались настроением друг друга; теперь только спрашиваете: как дела?

14. Когда-то ты нервничал, когда она опаздывала на свидание; теперь все свидания сводятся к встречам на кухне. Она нервничает, когда ты опаздываешь к ужину.

15. Когда-то ты делал всё, что хочешь; теперь для этого тебе нужно придумывать предлог, чтобы задержаться на работе.

16. Когда-то, затянув её в постель, ты считал себя героем и победителем; теперь побеждать стало некого. А желание побеждать не исчезло…

17. Когда-то она в полночь вырывалась из твоих объятий и убегала домой; теперь она спит с тобой целую ночь… и каждую ночь… И ты уже не можешь скучать и томится по ней.

18. Она теперь не убегает, и тебе не за кем «охотится» , хотя… вокруг же так много «гонщиц».

19. Теперь вы реже целуетесь, сокращаются прелюдии и за ночь вам уже достаточно только одного «финиша».

20. Теперь она настолько часто мелькает у тебя перед глазами, что ты уже привык к её запаху, волосам, губам, походке, фигуре. И они уже не кажутся тебе такими соблазнительными.

21. Когда-то вам казалось, что она идеальна; теперь вы понимаете, что идеальные женщины бывают только в голливудских эпопеях.

22. Когда-то вы тщательно брились перед каждым свиданием с ней; теперь вы уверяете, что щетина вам идёт

23. Теперь, когда вы засыпаете вместе, её голова уже не покоится на твоём плече, а нога – на твоём бедре ; и вам не хочется «ещё и ещё».

24. Когда-то после «хорошей» пьянки материлась только твоя печень ; теперь ты понял, что твоя жена ругается круче.

25. Когда-то ты ревновал её к каждому другу; теперь она смотрит волком на всех твоих друзей, а подруг просто испепеляет взглядом .

26. Теперь тебе нужно хорошо относится к её подругам, ведь они часто приходят к вам в гости.

27. Теперь твои друзья реже приходят к вам в гости.

28. Теперь у вас вообще все знакомые общие; в гости вы ходите только с женой вместе, и за столом сидите вместе, и уходите традиционно вместе.

29. Когда-то ты приглашал симпатичную барышню погулять, и тебе нравилось хвастаться ею перед знакомыми; теперь барышень ты возишь только в машине с тонированными стёклами.

30. Теперь палец твоей правой руки сжимает кусок металла , который ещё и девушек отпугивает.

31. Теперь тебе начинает казаться, что лучше каждый вечер ужинать омлетом с новой девушкой, чем жевать кулинарный бестселлер, приготовленный женой и приправленный изысканной горчичкой упрёков.

32. Когда-то она обижалась, когда ты не замечал её новую стрижку; теперь ты её и не можешь заметить - изменений не происходит.

33. Когда-то ты мог пожертвовать ради вечера с ней решающим матчем кубка чемпионов; теперь ты не согласишься пропустить ради неё даже игру аутсайдеров.

34. Когда-то на свиданиях с тобой она маниакально подкрашивала губки при любой возможности ; теперь она только покупает новое бельё.

35. Когда-то ты ждал выходных, ведь это давало возможность подольше поваляться с ней на диване; теперь ты ждёшь выходных, чтобы повалятся на диване… с газетой .

36. Когда-то тебе нравилось, что после секса она ходит в твоей рубашке; теперь она и спит в рубашке.

37. Когда-то, когда вы садились вместе смотреть ТВ, вы постепенно переходили к более интересному горизонтальному занятию; теперь вам стало интересно смотреть ТВ.

38. Когда-то ты любил иногда просто посидеть дома, чтобы отдохнуть от женщин; теперь ты с этой же целью идёшь из дома погулять.

39. Когда-то тебе хотелось назвать её именем самую яркую звезду; теперь ты начал замечать, что на небе звёзд много.

40. Когда-то свадьба с ней была для тебя пределом мечтаний; теперь это стало просто ПРЕДЕЛОМ

0
0
377

Каждая женщина чтобы помнила....

Снежная зима… Случайное знакомство… После нескольких часов романса и секса в гостиннице позно ночью он везет ее домой… Останавливается за городом возле леса.

Он: — Выходи!

Она: — Ты что, с ума сошел! Маньяк какой-то?

Он: — Выходи из машины!

Делать нечего, вышла…

Он: — Лепи снеговика!

Она: — Совсем охренел!

Он: — Лепи снеговика, если не хочешь пешком в 3 часа ночи домой идти!

Безвыходная ситуация — пришлось катать снежные шары и слепить снеговика, после чего он благополучно отвозит ее домой.

Она: — Слушай, ну можешь ты мне этого снеговика как-то вразумительно объяснить?

Он:- Я знаю, что я так-себе мужик… Что внешне, что в отношении секса -не очень… А ты — карасавица! У тебя наверняка похлеще меня ухажеров многое множество. Уже завтра ты среди них закружишься и меня забудешь… Но вот СНЕГОВИКА… будешь помнить всю жизнь!

0
0
289

Казахстанцы, кто хочет свинину....

Біздің мемлекеттік ұлттық «Хабар» телеарнамыздан асықпай тәптіштеп, сөздің майын тамызып, барша халыққа шошқаның етінен тамақ жасауды ұзақ үйретіп жатыр... Етті қолмен ұстап, кесіп, тағы тағылар (шынын айтсам, басқасын жазғым да келмейді, жиіркенемін)... Және бұл бағдарламасын қоймай қайталауда... Қайтадан, қайтадан...

Бұл не? Қазақты адам деп елемегені ме? Немесе қазақтың біткенінің белгісі ме?

Мен өз басым қалада өскен адаммын. Әсіре ұлтшылдығым әсте жоқ. Бірақ бүкіл елді сыйламау, оның намысына тиетін, жүрегін айнытатын хабарды ұлттық арнамыздан көрсетудің мәні неде екенін таппадым...

Қазақ ұлттық тамақ-тағамдарымыздың насихатын неге жүргізбейді? Жылқы етінен таза ет бар ма? Қымыз-шұбаттан шипалы сусын бар ма? Білмесе, білетіндерден сұрамай ма?

Немесе қазақты ағаштан түскен маймылмен ашық теңегені ме бұл?

Немесе бүкіл ел баяғыда мәңгүрттеніп біткен екен деп есептей ме?

Мұхтар Құл-Мұхамет, есті ағамыз, мына «шошқа тағалап» отырғандарды тыймай ма?

Өз елімізде, өзіміміздің ұлттық телеарнамыздан жалпақ ел қорлық көрсе, не болғанымыз, ағайын?

Ақпарат иесі: Мақсаты АСҚАР, http://www.azattyq.org/content/blog/2301048.html

0
0
442

ШЕТТЕН ОРАЛҒАН АҒАЙЫННЫҢ ЕЛБАСЫН ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ ҮНДЕУІ

Құрметті Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мырза!
Тағдыр тәлкегімен шетел асқан қазақтар еліміз егемендік алған алғашқы күндерді алыстан естігенде көз жасын көлдетіп Алласына тәубе қылып еді. Сонан бергі 20 жылдай уақыт ішінде тарих толқынынан сүрінбей өтіп келе жатқан жас Қазақстанға деген олардың ыстық көңілі суыған жоқ. Әсіресе өзге ұлттың арасындағы өз болмысын аман сақтауды Алладан күтіп, иманын мұрат еткен ұлылардың сарқыты болған жаутаң көз бауырларымыз Сіздің Мекке мен Мединеге сапар шегіп, Қағбаға кіріп қазақ үшін ақ тілек тілегенде құдіретті жаңбырдың сіркірегенін әлі күнге аңыз етіседі. Әуелі Алланы, екінші өзіңізді ұлықтайды. Мейір-шапағат күтеді. Қазақстан сынды қасиетті елге, өзіңіздей дара көш басшыға арқаланып өздерін иесі бар, Отаны бар бақытты халық санайды.
1992 жылы қыркүйекте өткен Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы олардың арманына қанат бітіріп, атажұртқа бағытталған ұлы көштің керуені молынан ағытылған еді. Әрине, көш басындағы ұлы тұлға – өзіңіз әлем қазақтарына жар салып, бар қазақты отан құшағына оралуға шақырдыңыз.

Қазақ топырағына беттеген әр қазақ: «бізді Нұрсұлтан патшамыз шақырып жатыр» дегенді мақтанышпен, марқа көңілмен айтатын еді. Аллаға шүкір, сонан бері отанына оралғандардың саны да бір милионға жетті. Заман өтіп, тарих тепершігі өзге қырына аунасада бұл еңбегіңіз қазақ тарихына алтын әріппен жазылып, мәңгілікке айшықталып қалады. Оны өшіру, өзгерту енді ешкімнің де қолынан келмейді. Шеттен оралған әр қазақ бұл шежірені немере-шөберелерінің құлағына құйып, Сізге деген, қазақ жеріне – Отанына деген қарыздарлық сезімін ұрпақтан ұрпаққа жалғап өтетіндігінде шүбә жоқ.
Осылайша өзіңіз бастаған ұлы көштің дабырасы әлем елдерінің назарын аударып, қазақ ұлтының бауырмалдығы барша ғаламды таңғалдырды.
Қазақстан халқына арнаған 2008 жылғы Жолдауыңызда: «Тарихи атажұртына көшіп келу үшін оралмандарға бөлінетін жыл сайынғы квотаны 2009 жылы 5 мың отбасына дейін ұлғайтып, жылына 20 мың отбасына жеткізуіміз керек», – деп көші-қон комитететтерінің алдына нақты міндеттер қойып, атқарылуын да қадағалап келдіңіз. Әрі «Нұрлы Көш» бағдарламасы арқылы қазақ көшіне сара жол көрсеттіңіз.
Сіздің осы дана саясатыңыз талай жанның санасына сәуле шашты. Үміт пен күдігі қатарласқан қауымға «Нұрлы көш»-тің нұрлы жолына бастайтын алтын бұйда ұстаттыңыз. Бұл Сізді сүйетін халқыңыздың Алладан тілеген ақ дұғасының қарымжысы болса керек.
Көш туралы ойлағанда көлеңкелі құбылыстарға көп үңіле бермей, еліміз бен жерімізде жеміс берген табыстарымызды да көре білсек, Аллаға мың тәубе дейміз! Қандыбалақ жылдардың елесін ұмытып, есімізді жиып, етегімізді жаба бастаған бүгінгі бақытты заманда барымызды бағалап, тәуелсіздік тұғырын онан ары бекемдей беруден ұтпасақ ұтылмасымыз анық. Осы жағынан қарағанда бүгінгі «Нұрлы көш»-тің бастамасы, әрине, қазақ сынды халықтың маңдайына біткен тәуелсіздігі мен табанымен басқан қасиетті даласының киесін асырмаса кемітпейтіндігіне кәміл сендіреді. Сіздің демократиялық саясатыңыздың саясындағы «Руханият» сынды партияның бізге оң көзін салып, жоғымызды жоқтауы да рухымызды серпілтіп келеді.
Елінде бардың ерніне тиер дегендей ел болып ат салысып, өзіңіз бастаған нұрлы бастаманың жалғасын баянды жалғастырсақ, ол баршаның күткені болмақ.
Ендеше, шетте жатқан 5 миллион қазақ және Отанына оралған милионға жақын қандасымыз бір ауыздан өзіңізді қолдайды. ҚР заңдарына сәйкес жүрілетін Сізді қолдауға байланысты барлық іс-шараларда біз өзімізді Сізге борыштар санай отырып, өкілеттілігіңіздің ұзарғанын қалаймыз. Мейлі референдум, мейлі сайлау болсын алыстағы ағайынның болашағы да үміті де бір өзіңізде. Сондықтанда Сіздің ел тізгінін жалғасты өз қолыңызда ұстауыңызға мүдделіміз. Алладан кейін Сізге және Сіздің нұрлы жолыңызға сеніп отырмыз. Бұл шетте жатқан және шеттен келген барлық қандасыңыздың таңдауы.
Осы таңдауды өзіңізге жазылған хат ғана емес, жер бетіндегі барлық қазаққа жолдаған Үндеуіміз деп қабылдаңыз.
Сізге Алладан ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, жемісті еңбек тілейміз.

2011 жыл 26 қаңтарда Алматы қаласында Руханият Жасылдар партиясы ұйымдастырған «Нұрлы көш – Елбасының сара жолы» атты дөңгелек үстелге қатысушылар мақұлдаған шеттен оралған қандастардың үндеуі.
Үндеуге алғашқы қадамда бес мың адам қол қойған. Қол қойдыру жалғасты жүріп жатыр.

Ақпарат көзі: http://www.facebook.com/profile.php?id=730471102

0
0
811