ТУҒАН ӨЛКЕҢДІ СҮЙ ДЕ, ТАНЫ ДА = РОДНОЙ СВОЙ КРАЙ ЛЮБИ И ЗНАЙ
«Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін Қостанай облысының 90 жылдығына арналған «Туған өлкеңді сүй де, таны да» атты танымдық әңгіме өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар облыс пен Қостанай қаласының құрылу тарихымен танысып, қала атауының шығу тегі туралы аңыздарды білді, белгілі жергілікті тұлғалар мен Ұлы Отан соғысының батырларын еске алды. Балалар танымдық викториналарға қатысып, туған өлке туралы жұмбақтар шешті, өңірдің көрікті жерлерімен, мәдениетімен және спорттық жетістіктерімен танысты, Қостанай облысының бірегей табиғаты және Науырзым қорығы туралы білді. Кеш соңында балалар Қостанай өлкесінің тарихында қаншама қызықты деректер бар екенін атап өтті. Олар туған өлкені тани түсе отырып, өзің тұрып жатқан мекенді жаңа қырынан бағалай бастайтынын…









