Перейти к содержимому
Обложка сообщества Культура

«Ы. Алтынсариннің өміріннен бір күн» = «Один день из жизни И. Алтынсарина»

7 қазан

Аса қадірлі Николай Иванович!

...Күтпеген жағдайларға байланысты мен 15 қазанға дейін Орынборда қалуға мәжбүр болып отырмын; Самарадан жіберілген тарантасым Орынбордан 130 верст қашықтықтағы станцияда сынып қалды, сондықтан амалсыздан оның келуін күтуім керек болады. Бос уақытымда Кудлевский мен Катаринскийге жиі барып жүрмін, сондай-ақ қамқоршының үйінде екі рет болдым. Ол қазір маған, сіз осында болған кездегідей, ерекше ықыласпен қарап жүр. Айтпақшы, ол маған мектептерде оқуға арналған қырғыз тіліндегі кітап құрастырумен айналысуды ұсынды. Мен Кудлевский және Катаринскиймен бірге осы кітапқа енгізілетін мақалаларды іріктеп жатырмын. Бұл істі соңына дейін жеткізуді өзіме берік мақсат еттім. Осы еңбегім арқылы мен туралы сіз берген (толықтай лайықты болмасам да) ұсыныстарыңызды ақтағым келеді. Маған сәттілік тілеңіз және мен аса қадір тұтатын, әрі алдағы уақытта басшылыққа алатын кеңестеріңізден мені айырмаңыз.

➡️ Толық мәтінді мына еңбектен оқи аласыз: Ы. Алтынсарин. Шығармалар жинағы: үш томдық. – Алматы: Қазақ КСР «Наука» баспасы, 1978. – 3-том. – 37-б.

Добрейший Николай Иванович!

...Непредвиденные обстоятельства заставляют меня оставаться в Оренбурге до 15 октября; высланный из Самары тарантас мой изломался на станции за 130 верст от Оренбурга, и я поневоле должен буду дожидаться его. От нечего делать хожу часто к Кудлевскому и Катаринскому, был раза два у попечителя, который теперь внимателен ко мне, как был и при Вас. Между прочим он предложил мне позаняться составлением книги на киргизском языке для чтения в школах и я совместно с… Кудлевским и Катаринским произвожу здесь выбор статей для этой книги. Крепко я забрал в голову довести это дело до конца, чтобы этим трудом оправдать Ваши рекомендации (не совсем заслуженные) обо мне. Пожелайте мне успеха и не оставляйте советами, которыми я дорожу и буду руководствоваться.

➡️ Полный текст читайте: Алтынсарин И. Собрание сочинений: в трех томах. – Алма-Ата : Издательство «Наука» Казахской ССР, 1978. – Т. 3. – С. 37.

#ыбырай #ыбырайалтынсарин #ыбырайалтынсарин185жыл  #Алтынсаринөміріндегібіркүн#ибрай #ибрайалтынсарин185лет #одинденьизжизниАлтынсарина

Баннер сообщества Культура

Еще по теме