«Жаңа әдебиеттен» «Жұлдызға» дейін
Қазақстан Жазушылар одағының әдеби-әлеуметтік журналы саналатын «Жұлдыз» тарих сахнасына «Жаңа әдебиет» атауымен 1928 жылы алғаш рет шықты. Бұл журнал «Таң», «Шолпан» журналдарының ізбасары саналады. Алғашқы редакторы – Сәкен Сейфуллин. Журналдың атауы әр жылдардағы оқиғаларға байланысты ауысып отырды. «Жаңа әдебиет» журналының 1928 жылғы №1 саны сол жылдардағы жас ақын Тайыр Жароковтың «Аэроплан» деп аталатын көркем туындысымен ашылды. Осы бір өлеңнің бет ашар ретінде жариялануында үлкен мән бар. Ол биікке көтерілуге, алысқа самғауға меңзеп тұрғандай ой қалдырады. Әдеби журналдың бастапқы сандарында Сәбит Мұқановтың «Сұлушашы», Бейімбет Майлиннің «Сары ала тоны», Ілияс Жансүгіровты…



