Вайн емес кино
Кино – әдебиеттің кенже баласы іспетті. Оны түсіру оңай дүние емес. Қазақ киносының өз биігі бар. Отандық фильмдер кейінгі уақыттарда жақсы жетістіктерге жетіп келеді. Бұған соңғы жылдары шыққан қазақ киноларына қарап көз жеткізуімізге болады.Көпшілікке актриса ретінде танымал Жұлдызай Дүйсенбиева продюсерлікке бет бұрды. Жұлдызай ханым продюсерлік еткен "Вайн емес, кино" кинотуындысы еліміздегі бүкіл кинотеатрлардан көрсетілуде. Бұл киноның берері көп деуге болады. Фильмнен әркім өзін көреді. Сатқындар, уәдесінде тұрмайтындар, менмен адамдар өзін көріп, сабақ алады деп ойлаймын. Кино өмірден алынады. Әрине, кейде асырып жеткізгенмен, өмірдің нағыз бейнесі көрсетіледі. Тек өмірдегіден әлдеқайда жеңіл қабылдайсыз.Кино бақытты болуға, махаббатқа сенуге, қорқынышыңды жеңуге күресуге үйретеді…


