NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті!
2024 жылғы 15 шілдесінде Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті.Бұқаралық спортты дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастардан 30 қатысушы бақтарын сынады.Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан және волейболдан турнир өткен болатын.Сайысқа түскен жастар арасында болашақта үлкен додаларда топ жаруды мақсат еткендер де бар.Қасымжан Айдар, «Белгібай» командасының капитаны:«Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше екені бәріміз мәлім. Алматы қаласының NEET санаты…

