Жүйені алдауға тырыспаңыз: тестке өзіңіз дайындалыңыз.
Қазіргі технологиялар мемлекеттік қызметке іріктеу процесін ашық және әділ етті. Прокторинг – тестілеуден өту процесін бақылаудың әдісі ретінде, алаяқтық мүмкіндігін жоққа шығарып, конкурстың әділдігін қамтамасыз етеді. Дегенмен, кейбір үміткерлер әлі де жүйені айналып өтудің жолдарын іздеуде: басқа адамдарды қосу, қашықтан көмек алу немесе басқа тыйым салынған әдістерді пайдалану. Мұны неге жасауға болмайды?Прокторинг дегеніміз не және прокторлар кімдер?Прокторинг – тестілеу процесін бақылайтын автоматты бақылау жүйесі. Ол кез келген ережеден ауытқуды тіркеп, заңбұзушылықтар туралы ақпаратты бірден жібереді. Проктор – үміткерлердің тәртібін талдап, оларды тестке жіберу немесе дисквалификациялау туралы шешім қабылдайтын маман.Белгіленген ережелерге сәйкес, тестілеу кезінде үміткер: ✅ Тест…
