2024 жылы Ұлттық комиссия әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласына шоғырланатын болады
Бүгін Астанада Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өткен жылы атқарған жұмысын қорытындылап, 2024 жылға арналған міндеттерді айқындады.Отырысты ашқан ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева Мемлекет басшысы қол қойған Жарлығына сәйкес комиссия мүшелерін ротациялау жүргізілгенін атап өтті.Аида Балаева Ұлттық комиссияның бұрынғы мүшелеріне жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, қатысушыларға жаңа мүшелерді таныстырып, оларға бірқатар міндеттер жүктеді.Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына Ләззат Қалтаева, Тілектес Адамбеков, Альфия Адиева, Рен…
