Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

15 сәуір Әулие Валентинді Қозы Көрпешке ауыстырамыз ба...

15 сәуір күні жақындауда. Біраз уақыт бұрын  ынталы топ осы күнді Қазақстан Республикасының махаббат күні деп атауды ұсынды. Біздің "Әулие Валентин күніне" жауабымыз - "Ұлттық ғашықтар күні" мерекесі.

Бізге қызыл гүлдер маңындағы әулие қарттың бейнесі және ғашықтардың жағдайында "шіріген Батыстың" үлгісінде кештер өткізу ұнамайды.

Сондықтан осы іс-шараны өзіміздің салт-дәстүрлеріміз бен адамгершілігімізге сай өзгертуді жөн көрдік - адамдар арасындағы ғашықтықты әзір ешкім жойған жоқ. Қол ұстасып, махаббат сезімін білдіру, тіптен сүюді барлық адамдар әрдайым қалайды – махаббатқа барлық жастағылар да, уақыттар да тәуелді дегендей.

Махаббаттың символын көп іздеген жоқпыз. Қазақ фольклорында махаббат тақырыбында кейіпкер жеткілікті. Ләйлә мен Мәжнүн таза қазақ фольклорына жатпайды, сондықтан өзіміздің ғашықтар туралы повесіндегі кейіпкерлерге тоқтадық. Олар Қозы - Көрпеш пен Баян - Сұлу.

«Әулие Валентин» күні қалай тарихқа кететінін білмейміз, бірақ қазақтардың "ғашықтар күні" бірте бірте күш алып келеді. Бұл күн Алматыда әуе шырақтарын ұшырса, Астананың орталығында тіптен ескерткіш қойылды. Ескерткіштің қолайсыз жерлері де бар. Сонда да болса бәріде дұрыс сияқты. Бірақ, ойланайықшы,  түсінейікші - біз нені атап өтпекшіміз, нені тойламақпыз...

Біріншіден "Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу" эпосымен терең танысайық. Қазақ тілінде (тұпнұсқаның тілі шығарманың мазмұнын толық қамтып көрсетеді) Машхұр Жүсіптің осы эпосты жазған нұсқасы түсінікті етіліп жазылған.

Шынын айту керек - "Қыз-Жібек" эпосынан кейін "Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу" көптеген бір-біріне қайшы ойлар туды. "Қыз-Жібекте" мағынасы терең, кейіпкерлердің ашықтығы, бүтіндігі таң қалдырды. Жалпы айтқанда Жібек туралы аңызға Қозы-Көрпеш жете алмайды. Ең бастысы оқырманды таң қалдыратыны Қозы-Көрпештегі кейіпкерлердің "қисын" мінездері, бас кейіпкерлерінің іс-әрекеттері.

Бұл ескертуімен сыңды дәлелдеу үшін мынаған көз жеткізейік...

Екі ауқатты және сыйлы адамдар - Сарыбай мен Қарабай - өзара келісіп, құда болайық деп шешеді, яғни бір ұлын, бір қызын атастырады. Сол кездегі дәстүр бойынша Қозы-Көрпешті әкесі Қарабай қыздың әкесі Сарыбайға қалын мал төлеуді, яғни аманатын жасайды.

Бір кездері аяқ астынан Қарабай өліп, Сарыбай айтқан антынан тайып, қызын жетім қалған Қозыға бермеудің амалын жасайды, сөйтіп ауылын, малымен қоса Қарабайдын ауылынан асып көшеді. Жаңа қонысқа келіп, Сарыбай қызын "жергілікті" Қодар деген жігітке беретін болып келіседі. Қодардын қалың малы беретіні жоқ болғандықтан Сарыбай қалың малдың есебінен мал бағып құтылатын болады.

Кәмілетке жеткен Қозы-Көрпеш өзінің атастырған қызы бар екенін ести сала, қарт шешесін тастап басқа елге кетеді. Сарыбайдын ауылын тауып келген Қозы-Көрпеш Баян-Сұлуды алып қашу жоспарын құра бастайды. Баян  бұл кезде нағыз сұлу ару болып кеткен, оны ауылда Баян-Сұлу дейді. Жоспары іске асыру үшін  Қозы-Көрпеш Сарыбайға мал бағатын жалшы болып кіреді. Біраз уақыт Қозы-Көрпешпен Баян кездесіп жүреді, тіпті кейде Баян малшы Қозының қасына келіп тұратын болады. Алайда бұл бүкіл елге жетіп, жанжал шықты. Сарыбайдың ашуынан қорыққан екі жас қашады. "Өзінің меншігін" айырылып қалған Қодар қашқындарды қуып жетіп, айқаста Қозы-Көрпешті өлтіреді. Сүйіктісінен айырылған Баян-Сұлу Қодарды алдап кездесуге шақырып өлтіреді.

Міне қысқаша тарих осындай.

Енді түсінейікші, неге біз Әулие Валентинді Қозы-Көрпешке айырбастаймыз.

Мақсат түсінікті - жас ғашықтардың жағдайын біздің салт-дәстүрлеріміздің  ар-намысымызбен сәйкестендіру. Әрине, католик Әулие Валентин біздің құндылықтарымызбен  сыйыспайды. Оның өлген күнімен Ежелгі Римнің Луперкалий мерекесінің сәйкес келуі бұл мерекедегі жын-ойнақтарды растамайды. Еске салайық, 14 ақпан күні әйелдерді әр-түрлі әдістермен бала көтеруге мәжбүрлеген. Біздің ойымызша, бұл әдістердің басым көпшілігі сол жердің мораліна сыйыспайды.

Бүгінде ол жын-ойнақты ешкім жасамаса да, незігі тақырып түсінікті - "Тойла халық, бүгін бәріде рұқсат".

Ал Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу, менің оқыған үлгісінде, мен үшін жастарға үлгі болудан алыс сияқты. Олар бұл түрінде біздің ар-намысымызға сәйкес келмейді.

Ар-намыс, мораль - қоғамда жақсымен жаман, дұрыс пен бұрыс туралы қоғамда қалыптасқан ұғым және осы ұғымнан шығатын қорытынды.

Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу некелері қиылмай тұрып малшының киіз үйінде кездесіп жүрді. Әрине, қазақтарда үйлену тойына дейін жастарды кездестіретін кездесулер болған,  бірақ ол үшін екі жас әке-шешелерінің аманат кәдесін, яғни қалың мал төлеп, барлық міндеттерін орындалу қажет. Онда жастардың кездесулері қатаң жеңгелерінің бақылауымен өтетін. Ешбір еркіндікке жол берілмейтін. Ал малшының киіз үйінде екі ғашық немен айналасқаны бір Аллаға мәлім.

Баян неге әкесінің шешіміне қарсы шықты? Түсінікті, әкесі Сарыбай алғашқы антын бұзды, оныкі дұрыс емес - бірақ ол оның мәселесі, оған өзі жауап береді.

Сол кездің тәртібі мен дәстүріне келсек, Баян Қодарға тұрмысқа шығу керек. Болмаса әкесіне Қодарға күйеуге тимеудің себебін түсіндіру керек.

Бүгінде бізге сол кездегі әйелдің ешбір құқығы түгі, дауысы жоқ болған сияқты. Олай емес, мысалы саяхатшы Семенов-Тяньшанский қазақтың албан мен дулаттың рулары арасындағы дауды қараған билердің сотына қатысқанын жазған. Билер сол кезде дұрыс шешім қабылдаған. Қыз сүймейтін адамына тұрмысқа шығудан бас тартқан және өзінің шешімін дәлелдей алған. Қыздың ата-анасы қалын малды екі есе қылып қайтарған - бұл шешім сол кездегі тәртіпке сәйкес болған.

Ал Баянның Қодарды арам өлтіруі сұлу бикештің нәзік және сүйкімді бейнесіне тіптен сыйыспайды.

Мұнда осы эпосты оқығаннан кейін ғашықтардың тарихы мен біздің дәстүрлеріміз арасында сәйкессіздік көп сияқты. Ал бұл эпос ғасырлар бойы тек қана қазақтар емес, башқұрт, татар, тіптен алтайлықтардың  ойын дүрліктіріп жүр.

Бұл хиқаяның ақиқатына жету үмітін тастамай, хиқаяның баяндауында басқа да нұсқаларын іздей бастадым.

Ақырында, мен сол нұсқаларының бірінде желеуін таптым.

Жоғарыда айтылған эпоста Тайлақ би байды дәстүрлерді сақтауға, міндетін, марқұмға берген антын орындауға шақырды. Бұл жолдарда барлық оқиғаларды дәстүрмен талапқа сәйкесендіруге болатын еді.

Сөйтіп, менің ойымша, ол былай болу керек еді:

Сарыбай өзінің уәдесін орындаудан бас тартқаннан кейін, ол жөнінде алдын ала ескертілгеннен кейін, Қозы-Көрпеш өзіне тиісілісін барлық жолмен алуға құқығы болды. Бұл жөнінде  қазақтарда "барымта" деген дәстүрлі іс-әрекет болған. Ол кейін, қазақтардың "алтын ғасыр" аяқталғаннан кейін, олардың "цивилизация" талаптарынан құтыла алмай бұл дәстүр тонаушылыққа айналды. Оған дейін "барымтаның" талабы - борышкерлердің өзінің тиісілін алу еді. Айта кететіні, сен өзіңнің ниеттеріңді алдын ала хабарлайсын.

Мүмкін Сарыбайға қызын келіп алып кететінін алдын - ала хабарлаған шығар, болмаса алған қалың малын екі есе қылып қайтару керек. Ондай жауап келмеген соң Қозы - Көрпеш қызды үгіттеп, алып қашу, болмаса "Кавказ тұтқыны" киносындағыдай, басына қап кигізіп туған ауылына әкелу қалды. Ағайын туысының батасын алып, той жасап, өзінің күйеулік міндетіне кірісу.

Мүмкін біздің оңтүстік аймақтарда "қыз алып қашу" ойыны кең тарағаны сол кезден бері келетін шығар. Бірақ біз бүгінде ұмытып кететін жәйт, қызды үйге әкелер алдында, қалындықтың келісімін алу, елдің алдын ала келісімін, батасын алу керек екендігі. Бүгінде біздің "ғашық жігіттер" бәрін тегін, ешбір қоғам, адам алдында міндеттерін орындамай-ақ алғысы келеді.

Сонымен, Қозы-Көрпеш билер сотының шешімімен өзіне тиісіліні алуға мүмкіндігі болды. Баянды қашуға келістіріп, іске асырған кезде, оның жоспарын Қодар бұзды. Оның ойынша Баянға үйленуге құқы бар, өйткені таза еңбегімен қыздың әкесі Сарыбаймен есептесті. Дау Қозы-Көрпештің өлімімен аяқталды. Дауда жеңген Қодар айлакер сұлудың қолынан өледі. Менің ойымша әйелге ерлер арасындағы дауға араласпау керек еді. Міне осындай жағдаймен эпос тарихқа кірді. Бірақ біздің түсінігімізде бұл "махаббат иіріміне" ұшырған "ғашықтар әні" емес еді. Бұл жағдайда оны сол заманның салт-дәстүрін сақтаумен, оның міндеттерін орындау жауапкершілігі деп білу қажет. Ата - аналар балаларының ер жеткенде түрлі қақтығыс, келеңсіз оқиғаларға  ұшырамай, заңды түрде өзінің ерлі - зайыптылық міндеттерін орындап жүруге жеткізу және олар жанұялық, әлеуметтік міндеттерін орындауды ұмытпау керек екендігін үнемі ескеріп салуға міндетті.

Бұл міндеттердің дәлелі қалың мал төлеу. Мұны құл не болмаса зат сатып алу деген ұғым дұрыс емес. Жастардың міндеті осы дәстүрлерді сақтап, оларды толық орындағаннан кейін ғана "оңаша болу" құқын іске асыру.  Сондықтан барлық Қазақстандықтардан сұрайтыным, 15 сәуір мерекесін атап өту алдында біз бұл мерекеден нені күтеміз?

Егер бізге тек қана ғашықтардың романтикасы, яғни "қыздың басын айналдыру" деген ұғым болса, онда ешнәрсені өзгерту қажет емес. Бұл жағдайда 14 ақпанда да 15 сәуірде де жастарға тек қана махаббат керек, қалада бұл күн көбірек "жеңіс" тойын тойлау болады. Ал осы күнгі әрекеттерін үшін ол заңды ма заңсыз ба онда шаруа жоқ.  Жасадым – ұмыттым!

Бұл жағдайда Әулие Валентинге Қозы-Көрпештің шапанын кигізіп, оны басқа атпен тау- мысалы "Бәлентин аулие". Суреттерді, яғни кішкентай жүректерді ұлттық оюлармен әшекелесе - тамаша көрінеді. Оған дәлел - біздің "Аяз ата" мен "Ақшақар" әшекелеуіміз.

Қосындыларды  орын ауыстырғанмен қорытынды  өзгермейді (Пифагор теоремасы)...

Ал егер бізге ұлттық мерекесі керек болса - ғашықтар тақырыбын ұмытайық. Онан да басқа құнды - Жанұя, Ана, Әйел - ошақ және дәстүрлі құндылықтарды сақтаушы деген ұғымдарға көшейік. Біз жастарды жеңілтек мінезді сұлуды таңдап, оның алдына бүкіл дүние жүзін тізесіне отырғызып, тіптен соңғы шалбарын беру емес. Жігіттеріміз түрімен де, жүрегімен де, тәнімен де,  заң мен жанұя алдында жауапты екенін және осы жауапкершілікті көтеретін сұлуды  тандау керектігін ұғыну керек.

Бұл жерде мінезі қайшы келетін Баян - Сұлудан басқа көптеген ғашықтар мерекесінің символдарын кездестіреміз.

автор: Ерлан Мусаев

-4
0
4317

Осы тақырып бойынша

15 сәуір Әулие Валентинді Қозы Көрпешке ауыстырамыз ба... - Yvision.kz