Ақмола облысында цистернадан тұз қышқылы төгілді
Ішінде тұз қышқылы бар апаттық жағдайдағы цистерна қауіпсіз қашықтыққа сүйретіп әкетілді.
ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, 25 мамырда Ақмола облысы Аршалы ауданының Сарыоба станциясында диаметрі бір жарым сантиметр болатын жарықтың салдарынан жүк құрамындағы цистерналардың бірінен тұз қышқылы төгілген.
Қауіпті жүгі бар цистерна негізгі құрамнан ажыратылып, Ақмола облысының құтқарушылары сұйықтықтың ағысын тоқтатты.
27 мамырда жүк тасымалдаушылар цистернаның ішіндегі сұйқтықты ауыстырып құйып жатқанда тұз қышқылы қайтадан ағып кеткен. Оның ағысын Астана қаласы ТЖД қызметкерлері тоқтатты.
Қазіргі уақытта цистерна ауылдан және жақын маңдағы шаруа қожалығынан қауіпсіз қашықтыққа сүйретілген.
СЭС, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері қышқыл төгілген жерді газсыздандыру жұмысын жүргізеді. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
https://t.me/qr_tjm
