Жалған лаңкестік үшін қандай жауапкершіліктер қарастырылған?
Жалған лаңкестік (лжетерроризм) дегеніміз не? Алдымен соның шын анықтамасын айқындап алайық. Жалған лаңкестік немесе дайындалып жатқан лаңкестік әрекет туралы көрінеу жалған хабар беру дегеніміз, жалпақ тілмен айтқанда, әлдебір мекемеге жарылғыш зат қойылғаны не шабуыл жасалайын деп жатқаны жайында өтірік ақпарат тарату деген сөз. Мұндай тірлікті қазір жәй тентектік деп қарауға болмайды. Ол қоғамға орасан зор залал, шығын келтіреді. Ондайда жұрт қатты дүрлігіп, халық арасында дүрбелең туатыны аян.Бүкіл елді солай алаңдатқан келеңсіз жағдай биыл қыста болды. Бірнеше өңірдегі мектептерге шабуыл жасалатыны жайында дереккөзі дүдәмал хабарлар 25 қаңтардан таратыла бастады. Мұндай әрекеттер Ақтөбе, Атырау, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Қостанайда қылаң берген. Іле ақпараттың өтірік екен…