Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Оқиға Ақтөбе - Орск бағытындағы тас жолда болған.

Қарғалы ауданындағы Ащылысай кентінің маңында Toyota Alphard аударылып, соның салдарынан төрт адам қаза тапты. Бір адам жараланып, ауруханаға жеткізілген.
Бұл көліктің жүргізушісі жолаушылар тасымалымен заңды түрде айналысып жүрген екен.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
