Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Қуаныштың көз жасы: Президенттен құрметті марапат алған Абай облысының педагогін салтанатты түрде қарсы алды

Абай облысы Ж. Аймауытов атындағы орта мектептің ұстазы Наталья Тегай Астана қаласынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» деген мәртебелі марапатпен оралды. Ұстазды облыстың білім басқармасы мен білім бөлімінің өкілдері, әріптестері және оқушылары ерекше қошеметпен қарсы алды.Ұжым мен оқушылар қадірлі ұстазды жас ұрпақты тәрбиелеудегі және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы баға жетпес еңбегі үшін алғыстарын айтып, шын жүректен құттықтады.Кездесу барысында педагог шынайы сезімдерін жасыра алмады. Өз сөзінде ол көпжылдық еңбегін бағалап, жоғары құрмет көрсеткені үшін Президентке шын жүректен алғыс білдірді.«Бұл марапат – мен үшін тек абырой ғана емес, ұзақ жылғы еңбегімнің бағаланғанының белгісі. Президентке осы құрметі мен ұстаздарды қолдағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Бі…

0
0
415

«Сүлейменшілер» теріс діни ағымы туралы не білеміз?

Өткен жылдың басында «Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелері қауымдастығына қатысты шу шықты. Осы ұйымға қарасты пансионаттардың тәрбиеленушілері мұндағы былықтарды жайып салған еді. Содан кейін Алматыдағы мекемелерде тексеру басталды.Фото: adaspa.kzАталған қауымдастық пансионаттарына студенттер мен мектеп оқушыларын рухани тәрбие берумен қатар қазіргі заманға сай оқытамыз деп алады екен. Ресми сайтында да былай деп жазылып тұр: «Қауымдастықтың мақсаты — Мектеп оқушылары мен студент жастарға жайлы жатын орын, адал ас беріп, ыңғайлы орта жаратып, материалдық көмек көрсету. Елін сүйіп, жерін қадір тұтатын, тарихын танып, дәстүрін ұғатын, тілін құрметтеп, дінін қастерлейтін өнегелі ұрпақ тәрбиелеу».Жазылған мақсаттары керемет. Бірақ іс жүзінде олай еместігін сондағы тәрбиеленушілер мен олардың…

0
0
708

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында абаттандыру және экологиялық мәдениетке арналған іс-шаралар өтуде

Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясының аясында Абай облысы көлемінде көшелерді абаттандыру, жинау, тазалау және т.б. ауқымды іс-шаралар өтті.Акция барысында саябақтар мен қоғамдық орындарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. Семей қаласында Найманбаев-Момышұлы көшелерінің жол айрығында тарихи қиылыс ашылып, қала тұрғындары мен қонақтарын қызықтыратын жаңа орынға айналды. Жобаға тарихи ғимараттар мен сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, нысандардың тарихи құндылығын сақтау үшін заманауи материалдарды пайдалана отырып, олардың бастапқы келбетін қалпына келтіру кіреді. Оған қоса, қауіпсіз инфрақұрылым дамып, көлік қолжетімділігі жақсарып, жаяу жүргіншілер үшін қолайлы аймақтар, жарықтандыру, автокөлік тұрақтары жабдықталған.Семей қаласының Құрметті азаматы Зейнолла Т…

0
0
293

Атырауда мектеп аумағынан мұнай табылды

Атырау Қазақстанның мұнайлы астанасы деп бекер аталмаған-ау.Расымен де бұл өңірде қай жерді қазсаң да қара алтын субұрқақша атқылап шыға беретін сияқты. Бірақ нақ осы жолы ол атқылап шықпапты.Қалаға қарасты Бесікті ауылы мектеп-интернатының басшылығы білім ошағының ауласындағы қара майды өткен жылы байқаған екен. Бірақ ол кезде аз ғана мөлшерде болған соң ба, аса мән бермей, бетіне құм сеуіп жаба салған.Ал биыл жазда жерден шығып жатқан сол «байлық» көбейіпті. Ұстаздар осыдан кейін ғана тиісті орынды, яғни Атырау облысының Экология департаментін бұл жайттан хабардар етуді жөн көрген.Экологтар да қарап қалған жоқ. Олар да тексеру жүргізіп, құзырлы органдарға хат жолдаған. Енді мұнай шыққан жерді тазалау керек.«Тексеру нәтижесінде қаланың полиция басқармасына мұнай текті сұйықтықтың қайдан…

0
0
297

Есірткіге елірген теңіз жануарлары

Бразилия жағалауларындағы акулалардың ағзасынан кокаин табылған.Көрнекі фото: Emin Sansar/Anadolu AgencyҒалымдар Рио-де-Жанейроға жақын маңда ұстап алынған 13 сүйіртұмсық акуланың тініне биохимиялық зерттеу жүргізді. Сөйтіп, олардың бұлшық еті мен бауырында көп мөлшерде кокаин бары анықталған.Негізі, осы есірткі мен басқа да психиканы қуаттандырғыш заттардың қалдықтары теңіз жануарларының ағзасынан бұрындары да табылған еді. Бірақ бұл жолғысы тым өзгеше болып тұр. Яғни бүгінгі көрсеткіш бұрынғысынан жүз есе дерлік асып түскен.Судағы алып тіршілік иелерінің елірткіш затты қалай «қабылдағанына» қатысты түрлі болжам бар. Сарапшылардың ойынша, кокаин Атлант мұхитына не оны жасайтын астыртын зертханалардың кәріз жүйесі арқылы, не соны тұтынатын адамдардың нәжісімен келеді.Сондай-ақ ол контраба…

0
0
377

Маңғыстау облысында мектеп директоры өз айыппұлдарын қоластындағыларға төлеткен

Фото: el.kzМұнайлы ауданындағы №3 арнайы мектептің қызметкерлері ай сайын басшылыққа ақша жинап беріп отырған. Онымен қоймай, директордың әкімшілік айыппұлдарын төлеуге мәжбүр болған. Бұл туралы облыс прокуратурасындағылар хабарлады.Аудан прокурорлары аталған білім ошағын тексеру нәтижесінде мекеме басшылығы тарапынан болған бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Олар қоластындағылардан банктердің мобилдік қосымшалары арқылы ай сайын заңсыз қаражат жинап алып отырған.«Бұдан бөлек, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйақылар есептеу негізінде ақшаны заңсыз аудару деректері анықталды. Сондай-ақ, мектеп директоры өз қарамағындағыларды өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген», – делінген прокуратура хабарламасында.Қазір мектептегі лауазымды қызметкерлерге…

0
0
1135

Алдағы оқу жылының қалай өтетіні белгілі болды

Бұл жаз да ортасынан асты.Сурет: gov.kzОқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылының қай күні басталып, қай күні аяқталатынын және балалардың қанша уақыт оқып, қанша күн демалатынын бекітіп берді.Сонымен, алда мектептегі сабақтар осы жылдың 1 қыркүйегінде басталып, келер жылдың 25 мамырында бітеді.Бірінші тоқсан сегіз аптаға созылмақ. Күзгі каникул 28 қазан мен 3 қараша аралығына белгіленген. Демалыс – бір апта.Балалар екінші тоқсанда да сегіз апта оқиды. Қысқы демалыс 2024 жылдың 30 желтоқсаны мен  2025 жылдың 8 қаңтары аралығында өтеді. Оқушылар 10 күн демалады.Үшінші тоқсан жылдағыдай ұзақ. Ол кезде он апта сабақ өткізіледі. Каникул – 11 күн (21-31 наурыз аралығы).  Төртінші тоқсанда да оқу сегіз апта екен. Бірақ мамырдағы мамыражай күндермен және оқу жылының аяқталуымен бұл к…

0
0
822

Бопсалағыш блогерлер

Блогер деген кім өзі? Оның жұмысы тек өтірік ақпарат тарату, теңгеге жалданып мақала жазу, адамдардан алдап немесе бопсалап ақша алу ма?Көрнекі фото: arnapress.kzОлай дейтініміз, соңғы кездері олардың арасында әлгіндей әңгүдік әрекет жасайтындар тым көбейіп кетті. Бүгін ғана сондай жағымсыз жағдай туралы ақпарат тарап жатыр.Қызылордада блогер мен оның әріптесі жергілікті құрылыс салушыдан 10 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталыпты. Бұл ақша ақпаратты таратпау үшін берілуі тиіс ақшаның жартысы көрінеді. Яғни аванс ретінде берілген.Негізі, 44 жастағы азамат кәсіпкерден 20 миллион теңге бопсалапты. Мұншама мол ақшаны ол жұмысқа шетелдіктердің тартылғаны туралы өз арнасында хабарламау үшін талап еткен.Блогер қасындағы 37 жастағы танысымен бірге уақытша ұстау қапасына қамалды.Міне, елде жу…

0
0
462

Президент олимпиадашыларға туды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрама командасының мүшелеріне Мемлекеттік туды табыстады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.Мемлекет басшысы Ұлттық құрамадағы спортшылармен кездесу кезінде биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін дүбірлі доданы бүкіл әлем асыға күтетінін әрі оған төрткүл дүние түгел көз тігіп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ ол үздіктердің үздігі бақ сынайтын бұл ойындарға ең мықты спортшыларымыз бара жатқанын алға тартты.«Біз сіздерге зор үміт артамыз. Бүкіл халқымыз – сіздерге жанкүйер. Жалпы, қазақ спорт мектебінің мәртебесі қашанда биік. Спортшыларымыз әрдайым елге жүлдемен оралып жүр. Осы даңқты жолды абыроймен жалғайсыздар деп сенемін. Шын мәнінде, сіздердің жеңістеріңіз тұтас Қазақстанның жеңісі болмақ. Көк туымыз желб…

0
0
604

Париж Олимпиадасында еліміздің намысын 25 спорт түрінен 80 адам қорғайтын болды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады.Фото: olympics.comМинистр Мемлекет басшысына Қазақстан спортшыларының Франция астанасында өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиадаға дайындығы жайында есеп беріп, лицензиялық жарыстардың қорытындысы туралы баяндады.«Қазақстан 25 спорт түрінен 92 жолдама иеленді. Парижге 80 спортшы барады. Министрлік тарапынан спортшыларға жасалып жатқан жағдайлар, спортшылардың жеке жоспары, Олимпиада формасы туралы айтылды. Президентке ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары жайында ақпарат берілді», – деді Ермек Маржықпаев Президент қабылдауынан шыққаннан кейін.Фото: t.me/aqorda_resmiАйта кетейік, өткен аптада жазғы ойындарда Қазақстан туын кімдер алып шығатыны мәлім болған еді. Бұл мәртебелі істі Парижде…

0
0
533