Мазмұнға өту
Обложка сообщества Оқи қалар оқиғалар

Ақтөбе облысында жол апатынан ерлі-зайыпты мұғалімдер мен депутат қаза тапты

Қайғылы оқиға 9 мамырда Самара-Шымкент тас жолының Ырғызға жақындап қалған тұсында болған.
undefined
ВАЗ жеңіл көлігі бір бағытта келе жатқан МАН жүк көлігінің артынан соғады. Соның салдарынан жеңіл көліктегі 3 адам қаза тапқан.
Көлікті Ырғыз мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген 45 жастағы мұғалім жүргізіпті. Ол ауруханаға түскен соң қаза тапқан. Оның әйелі оқиға орнында көз жұмды. Әйел де сол мектепте бастауыш сыныптың мұғалімі болып жұмыс істеген. Олардың артында мектеп жасындағы 3 бала қалды. Көз жұмған үшінші жолаушы Ырғыз ауданы мәслихатының 28 жастағы депутаты, ауданның ветеринар дәрігері болған.

Ақтөбе облысының полиция департаменті болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.


t.me/qaz365kz

0
0
538

Осы тақырып бойынша