Мазмұнға өту
Обложка сообщества Образование

Ақтауда балаларға ағылшын тілінтереңдетіп оқытатын орталық ашылды!

Қазіргі уақытта шағын және орта бизнес субъектілері білім саласына көптеп көңіл аударуда, әсіресе ағылшын тілінде оқытуда қолданылатын тиімді платформа қажет. Себебі оқушының қабілетін танытуда бірден бір кедергі келтіретін мәселе бар, ол түрлі олимпиадалар және ғылыми жобаларды ағылшын тілінде қорғауды қажет етеді. Сол себепті ағылшын тілін тереңдетіп оқыту орталықтарын ашу маңызды. Ақтауда осындай білім ордасының бірі өз есігін айқара ашты.

Бұдан былай "New York" оқу орталығында 150-ге жуық оқушы Шекспир тілін меңгере алады. Ақтау қаласындағы № 13 мектеп-гимназиясының 2-ші сынып оқушысы Аманғали Нұрдәулет ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын жаңа оқу орталығының ашылуын асыға күткендердің бірі. Шет тілін осы бастан еркін меңгергісі келетінін айтады. Себебі болашақта АҚШ-та білім алуда алдына мақсат етіп отыр.

Аманғали НҰРДӘУЛЕТ - екінші сынып оқушысы

Екі ай болды осы орталыққа келгеніме. Ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Ағылшын тілінде сөйлеп бастадым. Мен осында білім алу үшін келдім. Ағылшын тілін үйренгесін Нью-Йорк немесе америкаға барып, ағылшынша сөйлеу үшін. Бір жарым сағат дайындық болады, ұстазым Жібек Сәрсенғалиқызы ағылшын пәнінен сабақ береді. Өзім сияқты балаларды осындай оқу орталығына шақырамын, біліп алсын және ағылшын тілін үйренсін.

Жас кәсіпкер Жібек Жолдасова арман қуып АҚШ-тың "Нью-Йорк" қаласына барған. Ағылшын тілін тереңдетіп оқудың 4 айлық курсынан сүрінбей өткен ол, Ақтауға оралған соң жаңа орталық ашу идеясы пайда болған. Балалар тілді тез меңгеру үшін, білікті мамандарды іріктеп кәсібін бастап кеткен. Алдағы жоспары шетелдік мұғалімдермен ынтымақтастық орнату және жұмысқа шақыру. Оқу орталығында ағылшыннан бөлек түрік, қазақ, орыс тілдерімен қоса математика пәні де тереңдетіліп оқытылады.

Жібек ЖОЛДАСОВА - "New York" оқу орталығының директоры

Біріншіден біздің ата-аналарымыз өз балаларына инвестиция жасауы керек, себебі балалардың кіші кезде миы таза, кез-келген ақпаратты фундамент ретінде қабылдап алады. егер бала сабақ немесе мектеп кезінде сабақты, тілдерді дұрыс меңгермесе жоғарғы класстарда меңгеру қиын болады. Біздің орталығымызда 4, 6, 7 жастағы балалар бар ағылшынша сөйлей де, еркін айта да алатын. 1-2 айда осындай нәтижеге жетіп отырмыз және үлкен 10-11 оқитын балалар келеді, олар ағылшынды енді басқарып жатыр, оларға тілді меңгеру ұзақ уақыт алады.

Ағылшын тілін меңгеру заман талабы. Білім ордасында 150 балаға алаңсыз білім алуға мүмкіндік жасалған. Айта кету керек, АҚШ методикасында 4 әдістеме бар, шет тілінің жеңілдетілген әрі ерекше әдісі әзірленіп, жаңа оқу бағдарламасы төрт бөлімін қамтиды: тыңдау, оқу, жазу және сөйлеу, сонымен қатар практикаға көңіл аударылады. Жастардың әлем тілін еркін меңгеруіне үлес қосуды көздеген Жібек Жолдасова, орталықтың деңгейі мен дәрежесі жоғары боларына сенімді. Орталықта 4 пен 14 жас аралығындағылар сапалы білім алуына болады. Ғылымның, ілімнің және білімнің тілі ағылшын екендігі айтпаса да түсінікті. Оның үстіне ағылшын бұл әлем мойындаған тіл.

0
0
944

Осы тақырып бойынша