Мазмұнға өту
News-Aktau

News-Aktau

Сайтта 2020 ж. 2 қаңтарКазахстан, Актау

Независимый журналист. Живу и работаю в городе Актау Мангистауской области. Готов к сотрудничеству со всеми, кому интересно продвигать полезные проекты. Пишите на почту: [email protected]

рейтинг

250

жазбалар

161

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

9

Маңғыстау облыстық стоматология орталығы өткен жылғы жұмысын қорытындылап, биылғы жоспарымен бөлісті

Стоматологиялық орталықтың директоры Қуат Машырықов өз сөзінде мекеме қызметінің негізгі бағыттарының бірі – сапалы стоматологиялық көмек көрсету екенін атап өтті. Оның айтуынша, кадрлық әлеуетті сақтау және дамыту, әсіресе дәрігерлердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша маңызды шаралар қолға алынған."Біз тіс ауруларын анықтау және алдын-алу бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Дәрігерлер үнемі өздерінің кәсіби біліктілігін арттырып, жаңа әдістерді енгізуде, протездеудің бірнеше түрі кеңінен қолданылуда. Өткен жылы 10 жас маман жұмысқа қабылданды. Атқарылып жатқан барлық іс-шаралар облыс тұрғындарына көрсетілетін стоматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және сапаны жақсартуға бағытталған», - деді ол.Егер 2021 жылы дәрігерлердің қабылдауына 74 847 адам жазылса, өткен 2022 жылы бұл сан…

0
0
559

Бейнеу ауданы тұрғындарын киіктің Үстірт популяциясын сақтауға тарту бойынша жиын өтті

Дөңгелек үстел отырысы "Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің жүзеге асыруымен Еуропалық Одақ қаржыландыратын "Батыс Қазақстан-қоғамдық қатысу мектебі" жобасының шеңберінде «Тұрыш ауылы тұрғындарын экологиялық мәселелер бойынша шешім қабылдау процессіне тарту арқылы экологиялық мәдениет қалыптастыру» жобасының алғашқы іс-шарасы ретінде ұйымдастырылды.Айта кету керек, аталмыш жоба "Табиғи орта" Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоциациясының кеңес төрағасы, "EcoJer" қауымдастығы Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңесінің мүшесі, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қоғамдық кеңес мүшесі Әділбек Қозыбақовтың жетекшілігімен жүзеге асырылуда.Отырыс барысында Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүн…

0
0
331

Ерікті түрде қан тапсырудың құндылығы қандай?

Жасыратыны жоқ, мұқтаж жандар ақша үшін қан тапсыратыны бұрыннан байқалады. Ал кейбіреулері қан арқылы жұғатын ауруларын әдейі жасырады. Сондықтан қанның ең қауіпсіз көзі - тұрақты және тегін қан тапсыратын ерікті донорлар болып табылады. Төлем мәселесін алып тастау ерікті донорлықтың анағұрлым жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өйткені бұл жағдайда донорлар үшін ең алдымен мотивация, яғни жанына шипа іздеген емделушіге әлеуметтік жағынан қолдау көрсетудің бірден-бір жолы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемнің 70-тен астам елінде ұлттық қанмен қамтамасыз етудің 90%-дан астамы ерікті донорлық есебінен қамтамасыз етіледі.Өз еркімен және өтеусіз қан тапсырғандар шын мәнінде көп адамның өмірін сақтап қалады. Төмен және орташа табысы бар елдерде қан құю мәселесі…

0
0
377

Егер құқығыңыз бұзылса уәкілетті органға жүгінуді ұмытпаңыз

Егер Сізге мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе, бұзылған құқытрады, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне 8 (7292) 30-36-49 телефон нөмірі бойынша немесе QR код арқылы жүгінуге болатынын қаперіңізге береміз.

0
0
433

Ақбөкен – ресурс па әлде зиянкес пе?

Батыс Қазақстан облысының өзінде киіктердің көптігінен зардап шегетін жергілікті шаруа қожалықтарының, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізілуде.Көктемде төлдеуге дейін жүргізілген киіктер санаңынын нәтижелері бойынша Жайық популяциясы биылғы жылғы төлдерді есепке алмағанда 801 мың басты құрайды – бұл киіктер үшін ең қолайлы кеңес жылдарындағыдан екі есе көп. 2015 жылғы жаппай қырылудан кейін, сол кездегі ең көп Бетпақдала популяциясының 90% жуығы жойылып кеткен болатын, жеті жыл ішінде Жайық популяциясының саны шамадан тыс көбейді. Бетпақдала популяциясы да жақсы қарқынмен қалпына келуде және бүгінгі күнгі саны жарты миллионға жуық. Ең көп өсімді Үстірт популяциясы көрсетіп отыр: егер 2015 жылы ол жойылып кетуге аз қалған болса, жеті…

0
0
503

МЕРХАТ ЗАНГИНОВ: Әрбір науқастың өмірін аман алып қалу үшін дәрігер ештеңеден аянып қалмайды!

Солардың бірі - Зангинов Мерхат Тоқтарбекұлы, Дәрігер – мейірімділік пен ізгілік жаршысы. Рас, науқастың жанын қинаған ауруды табу оңай шаруа емес және екінің бірі дәрігер бола алмайды. Мұны тек ақ халатты абзал жандар ғана жақсы түсінеді. Солардың бірі - Зангинов Мерхат Тоқтарбекұлы, өмір мен өлім үстіндегі адам жанын ажалдан арашалап жүр. Дертіне дауа тауып, әрқашан көмек қолын созудан жалыққан емес. Талай адамның жүрегіне үміт отын жағып жүрген дәрігер-хирург проктолог, "SofieMed Group" көпбағыттағы медициналық клиникасында еңбек етіп жүргеніне биыл төртінші жылға қарады. Күнделікті үсті-үстіне ағылып келіп жатқан науқастарға ем-дом көрсетерде жайдары мінез танытуға тырысып-ақ жүр. Оның өмір жолына тоқталар болсақ, дәрігер болуды мектеп қабырғасында жүріп алдына мақсат етіп қойған. Ада…

0
0
468

КӘКІМЖАН ЕРҒАЛИЕВ: Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейрімділік керек!

Таныс болыңыз. Ерғалиев Кәкімжан Жәңгірханұлы. Білікті дәрігер. Өз маманының һас шебері. 2015 жылдан бері "SofieMed Group" көпбағыттағы медициналық клиникасының уролог-андролог дәрігері, консультативті диагностикалық бөлімінің меңгерушісі. Жалпы еңбек өтілі 20 жыл. Үнемі ізденіс жолында өз біліктілігін әрдайым шыңдаумен келеді. 2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Алматы менеджмент университетін "Іскерлік басқару" мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Әріптестері Кәкімжан Жәңгірханұлының бойындағы ең алдымен өз ісіне адалдығын алға тартады. Қызмет бабында дәрігерлік құпияны сақтай біледі, қандай жағдайда болмасын, келіп тұрған науқасқа көмек қолын созудан аянып қалған емес. Бойындағы бар күш-жігерін, алған білімін, бар тәжіриб…

0
0
316

Ақтауда балық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды!

Маңғыстау өңірінде кәсіпшілік балық аулау аймағы Каспий теңізінің Түрікмен шекарасындағы Сүйе жерінен Атырау облысының Прорва жерінен дейінгі ұзындығы 1350 шақырымды құрайды. Теңіз жағалауы бойынша Түпқараған және Қарақия ауданында 6 балық шаруашылық ауданы 33 кәсіпшілік балық аулау учаскесіне бөлінген. Оның ішінде 27 учаскесі 19 табиғат пайдаланушыға бекітілген, Түпқараған ауданы бойынша 18 балық шаруашылығы учаскесі 14 табиғат пайдаланушыға, Қарақия ауданы 9 балық шаруашылығы учаскесі 8 табиғат пайдаланушыға бекітілген. 6 учаске резервте тұр, соның ішінде Түпқараған ауданы бойынша 4 учаске, Қарақия ауданы бойынша 2 учаске.Облыста 198 бригада, 677 балықшы, 161 қайық тіркелген. Оның ішінде Түпқараған ауданы бойынша 176 бригада, 561 балықшы, 123 қайық, Қарақия ауданы бойынша 22 бригада, 11…

0
0
620

Маңғыстауда «Туберкулезбен күреске инвестиция салыңыз. Өмірге араша болыңыз» айлық өтеді

Аталмыш айлықты өткізудегі мақсат: туберкулез ауруының алдын-алу, диагностика, емдеудің заманауи әдістері және фтизиопульмонология қызметінің қазіргі даму үрдістері туралы мәліметтерді халыққа жеткізу болып табылады. 2022 жылға Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнінің ұраны: «Туберкулезбен күреске инвестиция салыңыз. Өмірге араша болыңыз» деп аталады. Елімізде соңғы жылдары туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалда оң динамикасы байқалуда. Мұны соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішінің республика бойынша орта есеппен 2,4 есеге (100 мыңға 86,6-тен 36,0-ге дейін) төмендеуі, өлім-жітім көрсеткіші 4,9 есеге (100 мыңға 8,4-дан 1,7-ге дейін) төмендегені, ал облыс бойынша орта есеппен 2,0 есеге (100 мыңға 84,9-тен 43,1-ге дейін) төмендеуі, өлім-жітім көрсеткіші 8 есеге (1…

0
0
907

Басқарма басшысы тікелей эфирге шығады

Тікелей эфир Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығының және облыс әкімдігінің ресми парақшаларында өтеді. Хабар тарату уақыты шектелмеген. Тұрғындар сұрақтары мен ұсыныстарын тікелей эфир кезінде қоя алады.

📷 Сілтеме

https://www.facebook.com/cok.mangystau

https://www.facebook.com/AkimatMangystau/

https://instagram.com/akimat_mangystau?utm_medium=copy_link

Русская версия статьи

0
0
376