Ағымдағы жылғы 24 қазаннан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ...
Ағымдағы жылғы 24 қазаннан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қолданысқа енгізледі. Құжатта мүгедектіктің себебіне қарамастан, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын азаматтарға арналған жәрдемақыны енгізу қарастырылған. Нәтижесінде бұл жәрдемақы бөгде адамның күтімін қажет ететін қосымша 24 мың адамды қамтиды. Сондай-ақ, Заңда 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу қарастырылған. Бұл көрсетілетін оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті балалар ауруының ауырлық дәрежесіне қарай саралауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37% - ға дейін ұлғайтылатын болады. Бұл шара мүгедектігі бар 30 мыңнан астам балаға қатысты болады. Заңда мүгедектік бойынша және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беріледі. Жұмыс берушінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған жағдайда, еңбек жарақатынан мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен ОТҚ-мен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету Заңның тағы бір жаңашылдығы болып табылады. Сонымен қатар, құжатта мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау көзделеді. Бұдан басқа, заңда мүгедектігі бар балаға күтім жасау мерзімін 18 жасқа дейін ұзарту қарастырылған, бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақыны тағайындауға оң әсер етеді. Толық танысу үшін мына сілтеме бойынша өтуге болады https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2100000067.
***
С 24 октября т.г. дня вводится в действие в силу Закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальной защиты отдельных категорий граждан». Документом предусматривается введение пособия гражданам, осуществляющим уход за лицами с инвалидностью I группы, вне зависимости от причины инвалидности. В результате данным пособием будет охвачено дополнительно 24 тыс. лиц, нуждающихся в постоянной посторонней заботе. Также законом предусматривается разделение детей в возрасте с 7 до 16 лет по группам инвалидности. Это позволит дифференцировать оказываемые реабилитационные мероприятия и социальную помощь в зависимости от степени тяжести заболевания детей. При этом размеры пособий для всех групп детей-инвалидов будут увеличены от 16,7% до 37%. Это мера коснется более 30 тыс. детей с инвалидностью. В законе предоставляется право на одновременное получение пособий по инвалидности и по случаю потери кормильца. Еще одной новеллой закона является обеспечение ТСР и услугами реабилитации за счет государства лиц, получивших инвалидность от трудового увечья, в случае невозможности исполнения обязательств работодателем. Наряду с этим, в документе предусматривается сохранение права семьям, воспитывающим детей с инвалидностью, состоять в очереди на жилье после достижения ребенком совершеннолетия. Кроме того, законом предусматривается продление периода ухода за ребенком-инвалидом до 18 лет, что положительно повлияет на назначение пенсионных выплат по возрасту и базовой пенсии. Для детального ознакомления можете пройти по ссылке https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2100000067.
