Мазмұнға өту
Обложка сообщества Аналитика 

Абай атамыздың қара сөздері цикліне қатысты ой-толғауларым. Екінші қара сөзі

Өзгені өзінен кем көру деген сасық кеуде әдетіміз сонау Абай атамыздың заманынан бері келе жатқан дүние екені сөзсіз. Тіпті одан бұрын да орын алғаны айдан анық. Бір-бірімізді күндеп, мінеп-сынап жатуды жанымыз жақсы көргені соншалық, кей-кейде өзімізді басқа ұлт өкілдерінен де артық көреміз. Алайда бұл «артықшыыымызды» солардың көзінше айтуға дәтіміз шыдамайды. Сондықтан болар, басқа бір аймақтың қазақтарын даттау олар жоқ кезде орын алады, басқа бір рудың қазағына тіл тигізу олар келмей қалған жиындарда болып жатабы. Сол сияқты өзге ұлтқа тіл тигізу де өзіміздің қара көздеріміз ғана отырған жерде болары да анық. Ал арқадан ғайбат айтпай, керісінше кемшілігі болса, көзіне айту, түзелсін, ертеңгі күні басқа біреуге мазақ болмасын деген игі пиғыл біздің қанымызда бар ма өзі? Бастығыға да жағымпазданғандарды көргенде, оған ойыңдағыңды айтсаң, кертартпа ой иесі ретінде қабылдайды сөздеріңді, себебі бетке айтатын кісіге үйренбеген халықпыз ғой. Ал Мұхтар Шаханов ағамыз айтатындай, «туфли жалағыштарды» бәрі жақсы көреді екен, бірақ бес күндік бұл дуниеден өз арыңды сатпай кетуге не жетсін.

1
0
777