Абай өңірінде таза ауыз суына қатысты мәселе қалай шешілуде
Қазақстан Президенті үкіметке 2025 жылдың соңына дейін еліміздің қалалары мен ауылдарының 100%-ын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл ретте мемлекет қамтамасыз ету көрсеткіштері төмен өңірлерге бірінші кезекте қаражат бөліп отыр. 2023 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша Абай облысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау халықтың 91,9%-ы үшін қолжетімді

2023 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша осы өңірдің 610 189 мың тұрғынының 49,2 мыңында орталықтандырылған сумен жабдықтау (ОСЖ) болмаған, олардың 22,5 мыңы 35 ауылдық елді мекенде (АЕМ) және 26,7 мыңы облыс орталығында.
Жаңа желілер
Кейбір адамдар Қазақстан тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде халықты ОСЖ-мен толық жабдықтауға қол жеткізе алмағанын айтып келеке еткенді жақсы көреді, алайда кеңес өкіметі билігі еткен 73 жыл ішінде су мәселесі мүлдем шешілмегенін ұмыт қалдырады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік дәрежесі ҚР қалаларында 98,4%, ауылдарда 94,5% құрады. Айта кететін жайт, тіпті миллион халқы бар үш қаламыздың өзі орталық сумен жабыдқтаумен толық қамтамасыз етілмеген. Шымкентте - 98,5%, Елордада — 98,9%, ал оңтүстік астанамызда — 99%.
Абай облысының тұрғындарын ОСЖ-мен 100% қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 52 сумен жабдықтау жобасын іске асыру жоспарлануда. Еске сала кететін жайт, бұл ретте «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасына кіретін ауылдарға және өңірлерді дамытудың кешенді жоспарларына енгізілген жобаларға басымдық беріледі.
Мәселен, Аягөз ауданында 50 елді мекеннің 5-і орталық ОСЖ-мен қамтамасыз етілмеген. «Аягөз қаласында су құбырлары желісінің құрылысы» жобасы аясында 37 көшеде су құбыры желілері құрылысы жүруде, бүгінде 19 шақырым ауыз су құбыры төселген, жұмыстар ағымдағы жылы аяқталады деп жоспарлануда. 2022 жылы Ақтоғай кентінде жалпы ұзындығы 31,5 Км құрайтын су құбыры желілерін тарту жұмыстары басталып кетті. Нәтижесінде ұш мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Жұмыстарды ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.
Облыс әкімдігі сайтының мәліметінше, 6 желтоқсандағы жағдай бойынша осы ауданның үш ауылында су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталыпты. Жобаға сәйкес, су құбырлары 81 тұрғын үйдің іргетасына дейін төселген, бұл ретте ауданы 4,9 шаршы метр болатын магистральдық құбыр желісі және үйлерге дейін ауданы 1,9 шаршы метр су құбыры желісі өткізіліпті.
Көктүбек ауылында 73 тұрғын үйдің іргетасына дейін ұзындығы 7.6 км болатын су құбырын салу жұмыстары толық аяқталған, ал Серіктес ауылында 22 тұрғын үйге дейін су құбыры тартылыпты.
Бұған қоса, мердігер «Уржар КМК-1» ЖШС ұйымы «Мәуліт» шаруашылығына дейін бес буынды электр желісін салу жұмыстары қолға алынды. Қазіргі уақытта 75 колонна орнатылуда. Жұмыстар желтоқсанның бірінші жартысында аяқталады деп жоспарлануда.
Құбыр жаңғырығы
2023 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 128 мың км жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілері бар екен, олардың жалпы жағдайы мүшкіл: тозу дәрежесі 51% құрады. 2025 жылға қарай тозу деңгейін 47%-ға дейін төмендету жоспары бар.
Абай өңірі бойынша су құбыры желілерінің орташа тозу деңгейі 51,0% құрайды, оның ішінде Семей бойынша - 66%, Аягөзде - 65%, Курчатовта - 85%. Осы мәселені шешу шеңберінде 4,6 млрд теңге жалпы сомасына сумен жабдықтау желілерін қайта құру бойынша 21 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Өз кезегінде, облыс бойынша су бұру желілерінің ұзындығы 517,6 км құрайды, олардың тозу дәрежесі - 56,6%. Тозу деңгейін төмендету үшін, сондай-ақ су бұру желілерінің неғұрлым авариялық учаскелерін ауыстыру үшін 2025-2026 жылдарға арнап реконструкциялау жоспары әзірленді, бұл жоспарға сәйкес шамамен 15,6 млрд теңге сомасына 106,7 км желі жөнделетін болады. Бұдан бөлек, облысты кешенді дамыту жоспары бойынша 2025-2027 жылдарға арналған кәріз-тазарту құрылыстарын салу .
