Мазмұнға өту
Обложка сообщества Абай өңірінің негізгі жаңалықтары

Абай облысында үздік ұстаздар еңбек етеді

Елімізде «Үздік педагог-2023» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 64 педагогі өз мамандығынан үздік

Абай облысынан Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназиясының информатика пәні мұғалімі Шынар Баяхметова және №15 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жадыра Толеуқоңыр республикалық байқау жеңімпазы болып, «2023 жылдың үздік педагогі» атанды.

Байқау жеңімпаздары «Үздік педагог» сертификатымен, төсбелгімен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Айта кетсек, «Үздік педагог» конкурсы 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл конкурсқа қатысу үшін барлығы 961 өтінім берілді. Облысымыздан алты педагог қатысып, екеуі жүлдемен оралды.

Ұстазына сай шәкірттер

орта мектеп оқушылары білім беру, медицина және ауыл шаруашылығы салаларында бірнеше жоғары технологиялық өнертабыстарды ұсынды.

Мысалы, Семей қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы нейрожелілерді білім беруге интеграциялау жүйесін әзірледі.

8 сынып оқушысы Темірлан Темірбаевтың айтуынша, бұл ретте нейрожелілерді білім беру процестерін оңтайландыру, олардың тиімділігін арттыру, оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне бейімделу, сондай-ақ жалпы білім беру сапасын арттыру үшін пайдалануға болады.

«Нейрондық желілерді пайдалану тапсырмаларды тексеруге кететін уақытты қысқартады және бағалау дәлдігін жақсартады»,- деді Темірлан.

Оқу материалын оқушылардың қажеттіліктеріне бейімдеу оқуға деген ынта мен қызығушылықтың артуына әкелуі мүмкін.

Аталған мектептің 9 сынып оқушысы Нұрлыхан Маратов медицина қызметкерлері үшін QEFO.KZ қосымшасын ойлап тапты.

Медициналық идентификаторда QR коды бар, оны кез-келген смартфонның камерасы арқылы оқуға және науқас туралы ақпарат 5 секундта алуға болады.

Егде жастағы және созылмалы аурулары бар адамдар — медициналық идентификатордың қажет болатындығының айқын айғағы. Спортшылар, туристер, мүгедек балалар, мүмкіндігі шектеулі адамдар — кез-келген адам дәрігерге ол туралы толық ақпарат білуі қажет жағдайға тап болуы мүмкін.

Сонымен қатар, Абай облысы Аягөз ауданының қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы қой шаруашылығын автоматтандыру жобасын ұсынды. 8 сынып оқушысы Айдарбек Бекнұр демалыс кезінде ауылда тұратын атасына көмектесетінін айтты. Шаруашылықта жұмыс өте көп-мал бағу, шөп дайындау, жануарларға күтім жасау.

Сондай-ақ, Семей қаласы Шәкәрім атындағы №5 көпсалалы гимназияның 8 сынып оқушысы Мұратхан Ерасыл үстел ойындарын автоматтандыру жүйесін ойлап тапты.

Тағы бір жаңалық, Аягөз ауданының қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясының мектеп оқушыларының жобасы. 10 сынып оқушылары Медина Болатова мен Балауса Бекен «Электромобиль, электр станциясы және жылыжай» жобасын ұсынды. Оның мақсаты электромобильдерге арналған электр станцияларын күн панельдері шығаратын энергиямен қамтамасыз ету.

2
0
532

Осы тақырып бойынша