Мазмұнға өту
Обложка сообщества Астана жаңалықтары

АЭС бойынша Астанадағы сайлау бөлімшелерінің жұмысы

Астана қаласы бойынша 460 сайлау бөлімшесі жұмыс істеді. Оның 3552-сі ашық сайлау бөлімшелері болса, 34-і уақытша келуге арналған. Ал 72-сі Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау бөлімшелері. 

Барлық бөлімшенің жұмысы кесте мен хаттамаға сәйкес жүргізілді. №94 сайлау бөлімшесінің төрағасы Батырхан Елікұлы референдум алды жұмыстарының толығымен аяқталғанын жеткізді. Аталған бөлімшеге 2112 адам сайлаушы болып тіркелген. Қала бойынша 499 адам есептен шығару талонын алса, соның 6-ы осы бөлімшеге тиесілі. 

№3 сайлау бөлімшесінің төрайымы Гүлназым Сәкенқызы 4639 дауыс беруші тіркелгенін айтты. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 1 трафарет пен 1 брайлер шрифті қойылған. 

Қала бойынша 348 бөлімшеге тіркелген мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдай жасалған. Көру қабілеті нашар және есту қабілеті төмен жандар үшін 460 трафарет қойылған. Шаһарда 66 инватакси жүріп-тұрды. 2333 жеке көмекшілер мен әлеуметтік қорғау органдарынан 35 сурдоаудармашылар тарту көзделген.

Әскери бөлімдердегі, стационарлық емдеу-профилактикалық мекемелердегі, тергеу изоляторларындағы және уақытша ұстау изоляторларындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 111 учаскеде, егер тізімге енгізілген барлық азаматтар дауыс берсе, учаскелік комиссия кез келген уақытта дауыс беруді аяқталды деп жариялай алады. Мұндай учаскелердің тізбесін тиісті аумақтық комиссиялар бекітті.

0
0
251

Осы тақырып бойынша

АЭС бойынша Астанадағы сайлау бөлімшелерінің жұмысы - Yvision.kz